Об установлении льгот на транспортные услуги, включая право на бесплатный проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) города Павлодара

Совместные постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 18 декабря 2024 года № 1722/2 и решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 18 декабря 2024 года № 209/23. Зарегистрированы в Департаменте юстиции Павлодарской области 20 декабря 2024 года № 7625-14

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", статьей 20 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", статьями 6 и 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ и Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить бесплатный проезд на регулярном городском общественном транспорте всех форм собственности (кроме такси), при наличии социальной транспортной карты или документа, подтверждающего право на льготу, следующим категориям граждан города Павлодара:

      1) лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны и участникам Великой Отечественной войны;

      2) гражданам, награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда";

      3) несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны;

      4) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции;

      5) семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане;

      6) семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время;

      7) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      8) лицам с инвалидностью первой группы с сопровождающим лицом на момент сопровождения;

      9) лицам с инвалидностью второй группы;

      10) детям с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет с сопровождающим лицом на момент сопровождения;

      11) одному из родителей, либо одному из опекунов детей с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет;

      12) детям-сиротам в возрасте до двадцати трех лет, оставшимся без попечения родителей;

      13) детям в возрасте от семи до восемнадцати лет;

      14) студентам колледжей и высших учебных заведений очной формы обучения в возрасте до двадцати трех лет, из семей, относящихся к получателям адресной социальной помощи;

      15) студентам колледжей и высших учебных заведений очной формы обучения, из семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей (в том числе и после достижения ими восемнадцати лет до времени окончания ими учебных заведений);

      16) многодетным матерям (либо отцам), имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей (в том числе обучающихся в колледжах и высших учебных заведениях, после достижения ими восемнадцати лет до времени окончания ими учебных заведений), многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", матерям бывшего Союза Советских Социалистических Республик, вне зависимости от возраста детей: награждҰнных медалью "Медаль материнства" всех степеней, орденом "Материнская слава" всех степеней, матерям-героиням;

      17) почетным гражданам города Павлодара, пенсионерам областного и республиканского значения.

      2. Установить льготный проезд на регулярном городском общественном транспорте всех форм собственности (кроме такси) пенсионерам по возрасту города Павлодара в размере 50% (пятидесяти) от стоимости тарифа за 1 (одну) поездку.

      3. Определить источником финансирования городской бюджет.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместных постановления и решения возложить на курирующего заместителя акима города и постоянную комиссию Павлодарского городского маслихата по вопросам жилищно-коммунального хозяйства.

      5. Настоящие совместные постановление и решение вводятся в действие со дня их первого официального опубликования.

      Аким города Павлодара Х. Хабылбеков
      Председатель Павлодарского городского маслихата К. Кожин

Павлодар қаласының қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгілеу туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1722/2 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 209/23 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 желтоқсанда № 7625-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әлеуметтік көлік картасы немесе жеңілдік құқығын растайтын құжат болған жағдайда, меншіктің барлық нысандарындағы (таксиден басқа) тұрақты қалалық қоғамдық көлікте Павлодар қаласы азаматтарының келесі санаттарына тегін жол жүру белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

      2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;

      3) Екінші дүниежүзілік соғыс кезіңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердегі, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына;

      4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;

      5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;

      6) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;

      7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлеріне;

      8) еріп жүру кезінде еріп жүруші тұлғамен жүретін бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      9) екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      10) еріп жүру кезінде еріп жүруші тұлғамен жүретін он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      11) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біреуіне немесе қамқоршыларының біреуіне;

      12) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі жетім балаларға;

      13) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      14) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататын отбасылардан шыққан жиырма үш жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне;

      15) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардан шыққан күндізгі оқу нысанындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне (оның ішінде олар он сегіз жасқа толғаннан кейінде орындарын бітірген уақытқа дейін);

      16) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитын, олардың он сегіз жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға (немесе әкелерге), "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, балалардың жастарына қарамастан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аналарына: барлық дәрежедегі "Ана медалі" медалімен, барлық дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталған аналарға, батыр аналарға;

      17) Павлодар қаласының құрметті азаматтарына, облыстық және республикалық маңызы бар зейнеткерлерге.

      2. Меншіктің барлық нысандарындағы (таксиден басқа) тұрақты қалалық қоғамдық көлікте Павлодар қаласының жасы бойынша зейнеткерлеріне 1 (бір) сапар үшін тариф құнының 50% (елу) мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін.

      3. Қаржыландыру көзі қалалық бюджет деп анықталсын.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Павлодар қалалық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков
      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин