Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Решение Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 7 февраля 2024 года № 14/132. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 14 февраля 2024 года № 7481-14

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Оказать дополнительную социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля 2024 года, без истребования заявлений от получателей, на основании списка уполномоченной организации, следующим категориям:

      военнообязанным, призвавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР) в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 100000 (сто тысяч) тенге.

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Павлодарского районного маслихата Ж. Шугаев

      "СОГЛАСОВАНО":

      Акимат Павлодарской области

      _______________ А. Байханов

      "______" _________2024 года

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35-жылдығына орай Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 14/132 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 ақпанда № 7481-14 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35-жылдығына орай Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына - 2024 жылғы 15 ақпанда алушылардан өтініштер талап етпей, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде келесі санаттарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шугаев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Павлодар облысының әкімдігі

      _____________А. Байханов

      2024 жылғы "___" ____________