О внесении изменения в постановление акимата Кызылкогинского района от 18 марта 2024 года № 45 "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Кызылкогинского района"

Постановление акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 9 октября 2024 года № 213. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 10 октября 2024 года № 5225-06

      Акимат Кызылкогинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Кызылкогинского района от 18 марта 2024 года № 45 "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Кызылкогинского района" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5158-06) следующее изменение:

      в приложении указанного постановления:

      подпункт 3) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "3) общее имущество объекта кондоминиума – части объекта кондоминиума (фасады, подъезды, вестибюли, холлы, коридоры, лестничные марши и лестничные площадки, лифты, крыши, чердаки, технические этажи, подвалы, общедомовые инженерные системы и оборудование, абонентские почтовые ящики, земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок, элементы благоустройства и другое имущество общего пользования), кроме квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности, и телекоммуникационного оборудования, являющегося собственностью операторов сотовой связи;".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Кызылкогинского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылкогинского района К. Азмуханов

"Қызылқоға ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 213 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 қазанда № 5225-06 болып тіркелді

      Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылқоға ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158-06 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

      2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі К. Азмуханов