О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Созакском районе

Решение Созакского районного маслихата Туркестанской области от 19 марта 2024 года № 99. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 20 марта 2024 года № 6483-13

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2024.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Созакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в Созакском районе с 4% на 2% по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Созакского районного маслихата О. Жәмиев

Созақ ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурызда № 99 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 20 наурызда № 6483-13 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О. Жәмиев