Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Толебийском районе

Решение Толебийского районного маслихата Туркестанской области от 25 декабря 2024 года № 21/120-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 27 декабря 2024 года № 6639-13

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), маслихат Толебийского района РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Толебийском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Толебийского районного маслихата от 21 декабря 2023 года №8/46-VIIІ "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Толебийском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6448-13).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Н. Койбагаров

  Приложение к решению
от 25 декабря 2024 года
№ 21/120-VIII

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Толебийском районе

      1. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Толебийского района" (далее – уполномоченный орган).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в Толебийском районе в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) определяется в размере 10 (десять) процентов.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      4. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства" с предоставлением документов, предусмотренных Правилами предоставления жилищной помощи (далее - Правила), утвержденных Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года №117.

      5. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      6. Перечень требований к оказанию, основанию для отказа в оказании государственной услуги "Назначение жилищной помощи" предусмотрены Правилами.

      7. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется уполномоченным органом, в порядке предусмотренном Правилами.

      8. Норма площади жилища, обеспечиваемая компенсационными мерами составляет 18 (восемнадцать) квадратных метров полезной площади на одного человека.

      9. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      10. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете Толебийского района на соответствующий финансовый год.

      11. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

Төлеби ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/120-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 6639-13 болып тiркелдi

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Төлеби ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №8/46-VIIІ "Төлеби ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6448-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Н. Койбагаров

  2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 21/120-VIII шешіміне қосымша

Төлеби ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және Төлеби ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      6. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету, оны көрсетуден бас тартуды негіздеу талаптарының тізбесі Қағидаларда көзделген.

      7. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті орган есептейді.

      8. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды.

      9. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған Төлеби ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.