О внесении изменения в решение Келесского районного маслихата от 22 июня 2020 года № 28-206-VI "О порядке организации и проведения мирных собраний в Келесском районе"

Решение Келесского районного маслихата Туркестанской области от 2 августа 2024 года № 17-128-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 7 августа 2024 года № 6570-13

      Келесский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Келесского районного маслихата от 22 июня 2020 года № 28-206-VI "О порядке организации и проведения мирных собраний в Келесском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5722) следующее изменение:

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Келесского района Н. Шаулиев

  Приложение
к решению Келесского
районного маслихата
от 2 августа 2024 года
№ 17-128-VIII
  Приложение 2 к решению
Келесского районного
маслихата от 22 июня 2020 года
№28-206-VI

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Границы прилегающих территорий в Келесском районе, в которых запрещено проведение пикетирования, определяются на расстоянии 800 метров от:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территорий;

      3) территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетей, магистральных трубопроводов, национальной электрической сети, магистральных линий связи и прилегающих к ним территорий.

Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 28-206-VI "Келес ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 тамыздағы № 17-128-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 тамызда № 6570-13 болып тіркелді

      Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы №28-206-VI "Келес ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5722 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес аудандық мәслихат төрағасы Н. Шаулиев

  Келес аудандық мәслихаттың
2024 жылғы 2 тамыздағы
№ 17-128-VIII шешіміне
қосымша
  Келес аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 маусымдағы
№28-206-VI шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Келес ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарынан;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

      5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.