Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Алтай

Решение маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 24 октября 2024 года № 21/4-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 октября 2024 года № 9100-16

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат района Алтай РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой района Алтай.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Алтай Л. Гречушникова

  Утвержден решением
маслихата района Алтай
от 24 октября 2024 года
№ 21/4-VIII

Положение о награждении Почетной грамотой района Алтай

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой района Алтай разработано в соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой района Алтай.

      2. Почетная грамота района Алтай (далее - Почетная грамота) является моральным стимулом, выражением общественного признания за:

      значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественно-политической деятельности;

      осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане, работники учреждений, предприятий и организаций, коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, творческие коллективы, иностранные граждане, имеющие заслуги перед районом Алтай.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      лица, признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой района в течение пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан, юбилейным датам.

2. Порядок представления к награждению Почетной грамотой

      7. Представление к награждению Почетной грамотой вносится в аппарат акима района учреждениями, предприятиями, организациями независимо от форм собственности, общественными, творческими объединениями, местными представительными, исполнительными органами, органами местного самоуправления не позднее 10 рабочих дней до празднования национальных, государственных, профессиональных и иных праздников, юбилейных дат.

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива), дается характеристика с изложением трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие района. Представление подписывается первым руководителем и скрепляется печатью.

      К представлению прилагается копия документа, удостоверяющего личность либо учредительных документов организации, рекомендуемых к награждению.

      Требование о скреплении печатью не относится к субъектам частного предпринимательства.

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой направляются в Комиссию по наградам, созданную при акиме района.

      9. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и/или лицом, исполняющим его обязанности, при положительном заключении Комиссии.

      Почетная грамота подписывается акимом района и председателем маслихата района либо лицами, исполняющими их обязанности.

      10. При утере Почетной грамоты дубликат не выдается.

      11. Изготовление Почетной грамоты и учет по вопросам награждения осуществляет аппарат акима района.

3. Описание Почетной грамоты

      12. Почетная грамота состоит из папки синего цвета с изображением Государственного Герба Республики Казахстан на лицевой стороне и вкладыша.

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги формата А3 с нанесением по сторонам орнамента золотистого цвета.

      На лицевой стороне вкладыша посередине нанесено изображение Государственного Герба Республики Казахстан, внизу надпись на государственном языке "Қазақстан Республикасы", на русском языке "Республика Казахстан".

      На развороте с левой и правой сторонах вкладыша вверху изображен развевающийся Государственный флаг Республики Казахстан, под изображением флага надпись на государственном языке "Алтай ауданының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА района Алтай". При этом, слова на государственном языке "Алтай ауданының", на русском языке "района Алтай" выполнены золотым тиснением, слова на государственном языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" выполнены цветной надписью.

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания на государственном языке:

      имени, отчества (при наличии), фамилии, должности и заслуг награждаемого;

      должностей лиц, подписывающих Почетную грамоту.

      Внизу надпись на государственном языке "Алтай қаласы" с указанием года награждения.

      С правой стороны отведено место для указания фамилии, имени, отчества (при наличии), должности и заслуг награждаемого на русском языке.

4. Вручение Почетной грамоты

      13. Почетная Грамота вручается акимом района и председателем маслихата района либо иными лицами по их поручению в торжественной обстановке.

      14. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима района.

Алтай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 21/4-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қазанда № 9100-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Алтай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

  Алтай ауданының мәслихатының
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 21/4-VIII шешімімен
бекітілді

Алтай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алтай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алтай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Алтай ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы):

      экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық-саяси қызметтегі елеулі жетістіктер үшін;

      халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті еңбек еткені үшін моральдық ынталандыру, қоғамдық мойындауды білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Алтай ауданына еңбегі сіңіген азаматтар, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұжымдары, шығармашылық ұжымдар, шетел азаматтары наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      наградтау сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

      сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдар наградтала алмайды.

      5. Бір адам (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен наградтауға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелеріне, мерейтойлық күндерге орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымды аудан әкімінің аппаратына меншік нысанына қарамастан мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өкілді, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерді, мерейтойлық күндерді мерекелеуге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Ұсынымда тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, сіңірген еңбегі мен шығармашылық еңбегі, ауданның дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме беріледі. Ұсынымға бірінші басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      Ұсынымға наградтауға ұсынылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың не болмаса ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі қоса беріледі.

      Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

      8. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудан әкімінің жанынан құрылған наградалар жөніндегі комиссияға жіберіледі.

      9. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі және/немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

      Құрмет грамотасына аудан әкімі және аудан мәслихатының төрағасы немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қояды.

      10. Құрмет грамотасы жоғалған кезде телнұсқасы берілмейді.

      11. Құрмет грамотасын дайындауды және нарадтау мәселелері бойынша есепке алуды аудан әкімінің аппараты жүзеге асырады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      12. Құрмет грамотасы беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көк түсті папкадан және жапсырма беттен тұрады.

      Жапсырма бет типографиялық тәсілмен бүктелмеген түрде А3 форматындағы қалың жылтыр қағаздан, жан-жағына алтын түсті ою-өрнек жағылып дайындалады.

      Жапсырма беттің беткі жағында ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінде "Республика Казахстан" деген жазу жазылған.

      Жапсырма беттің ішкі жағында сол және оң жақтарында жоғарыда желбіреп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бейнеленген, тудың бейнесінің астында мемлекеттік тілде "Алтай ауданының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА района Алтай" деген жазу жазылған. Бұл ретте, мемлекеттік тілдегі "Алтай ауданының", орыс тіліндегі "района Алтай" деген сөздер алтын бедермен, мемлекеттік тілдегі "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тіліндегі "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" деген сөздер түрлі-түсті жазумен орындалған.

      Жапсырма беттің сол жағында:

      наградталушының атын, әкесінің атын (бар болса), тегін, лауазымы мен сіңірген еңбегін;

      Құрмет грамотасына қол қоятын адамдардың лауазымдарын мемлекеттік тілде көрсету үшін орын бөлінген.

      Төменгі жағында мемлекеттік тілде "Алтай қаласы" деген жазу жазылып, наградтау жылы көрсетіледі.

      Оң жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымы мен сіңірген еңбегін орыс тілінде көрсету үшін орын бөлінген.

4. Құрмет грамотасын тапсыру

      13. Құрмет грамотасын аудан әкімімен және аудан мәслихатының төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге де адамдар салтанатты жағдайда тапсырады.

      14. Наградтау жөніндегі материалдар аудан әкімінің аппаратында сақталады.