Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бокейординском районе

Решение Бокейординского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 29 марта 2024 года № 15-1. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 3 апреля 2024 года № 7363-07

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года №117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №33763) Бокейординский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Бокейординском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Бокейординского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования

      председатель маслихата Л. Кайргалиева

  Приложение 1
к решению от 29 марта 2024 года № 15-1

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Бокейординском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Бокейординский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года №117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленными местными представительными органами. Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлена в размере 5 (пяти) процентов.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или на веб-портал "электронного правительства" (далее – Государственная корпорация) согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги предусмотрен в приложении 2 к Правилам предоставления жилищной помощи.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "Электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным в Правилах предоставления жилищной помощи;

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;

      4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      9. При представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, заявителю и его семье выплата жилищной помощи прекращается на весь период ее назначения.

      10. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи ежемесячно до 10 числа каждого месяца.

  Приложение 2
к решению от 29 марта 2024 года № 15-1

      1. Решение Бокейординского районного маслихата от 31 марта 2021 года №3-4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бокейординском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6918).

      2. Решение Бокейординского районного маслихата от 9 июня 2023 года №4-2 "О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 31 марта 2021 года №3-4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бокейординском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7213-07).

Бөкей ордасы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 сәуірде № 7363-07 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Л. Кайргалиева

  2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-1
шешіміне 1-қосымша

Бөкей ордасы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 2-қосымшасында көрсетілген.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды әр ай сайын 10-на дейін тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-1
шешіміне 2-қосымша

      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы №3-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6918 болып тіркелген);

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-4 "Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 9 маусымдағы №4-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7213-07 болып тіркелген).