О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 18 октября 2023 года № 10-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района"

Решение Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 мая 2024 года № 20-22. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 3 июня 2024 года № 7379-07

      Сырымский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сырымского районного маслихата от 18 октября 2023 года №10-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7272-07) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      подпункт 8) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "8) лицам (семьям) пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара в течение трех месяцев с момента наступления данной ситуации, единовременно, без учета доходов, в размере предельных 100 (сто) месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сырымского районного маслихата Ш. Дуйсенгалиева

Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 10-4 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 20-22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 маусымда № 7379-07 болып тіркелді

      Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 18 қазандағы № 10-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7272-07 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырым аудандық мәслихат төрағасы Ш. Дуйсенгалиева