О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 100 "Об утверждении Правил расходования денежных средств, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 января 2025 года № 15. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 февраля 2025 года № 35693

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 100 "Об утверждении Правил расходования денежных средств, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20488) следующее изменение:

      в Правилах расходования денежных средств, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджета, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Физкультурно-спортивные организации осуществляют расходование денежных средств на участие в спортивных мероприятияx, организацию и проведение спортивных мероприятий по Перечню видов соревнований, учебно-тренировочных сборов и их классификаций, утвержденного приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 179 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11437)", в том числе:

      питание спортсменов определяются на основании Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий, утвержденной приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 107 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10005) (далее – Приказ № 107);

      медицинское обеспечение и оказание медицинской помощи;

      фармакологическое обеспечение согласно Приказа № 107;

      приобретение спортивного инвентаря, спортивного оборудования и спортивной экипировки;

      найм жилых помещений, проезд до места проведения спортивных мероприятий и обратно, оплата стартовых (целевых) взносов;

      суточные за время нахождения в пути всех участников, а также оплата суточных за время нахождения на спортивных мероприятиях участников, кроме спортсменов;

      приобретение горюче-смазочных материалов;

      расходы по видам спорта, связанные с материальным обеспечением участников спортивных мероприятий;

      оплату визовых услуг, стоимости перевозки багажа, трансфера допускается на основании представленных документов об их оплате;

      изготовление и приобретение полиграфической и сувенирной продукции;

      церемония награждения и вручение призов согласно приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 июля 2017 года № 219 "Об утверждении размера стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15562);

      аренда места проведения спортивных мероприятий, музыкального и светового оборудования, инвентаря и иных вспомогательных средств;

      транспортные, почтово-телеграфные, типографские и информационные расходы;

      оплата труда работников, привлеченных к организации и проведению спортивных мероприятий, услуг привлеченных специалистов и обслуживающего персонала (в том числе медицинского);

      оплата услуг спортивных судей за обслуживание спортивных соревнований и оплата труда привлеченных специалистов и обслуживающего персонала (в том числе медицинского) осуществляется на основании заключенных договоров;

      обслуживание и прием спортивных делегаций, найм жилых помещений и организованное питание;

      оплата услуг, связанных с подготовкой и текущим содержанием мест проведения, организацией спортивных мероприятий, включая услуги, оказываемые на возмездной основе юридическими и физическими лицами;

      приобретение материальных запасов для проведения спортивных мероприятий, исходя из специфики вида спорта или спортивного мероприятия, необходимых для его проведения;

      расходы, связанные с оплатой стартовых и организационных взносов по участию в спортивных мероприятиях, регистрацией спортивных мероприятий в единых республиканских и региональных календарях, которые осуществляются безналичным перечислением направляющей стороной либо аккредитованными спортивными федерациями по видам спорта;

      командирование сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), участников спортивных мероприятий для участия в спортивных мероприятиях, и специалистов необходимых для обслуживания спортивного соревнования.".

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим приказом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

"Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 ақпанда № 35693 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық іс-шараларға қатысуға, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ақша қаражатын жұмсауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасының тізімі бойынша жүзеге асырады, оның ішінде:

      спортшылардың тамақтануы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 107 бұйрық) бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесі негізінде айқындалады;

      медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету;

      № 107 бұйрыққа сәйкес фармакологиялық қамтамасыз ету;

      спорттық мүкәммал, спорттық жабдықтар және спорттық жарақтар сатып алу;

      тұрғын үй-жайларды жалдау, спорттық іс-шаралар өткізілетін жерге дейін және кері жол жүру, бастапқы (нысаналы) жарналарға ақы төлеу;

      барлық қатысушылардың жолда болған уақыты үшін тәуліктік ақы, сондай-ақ спортшылардан басқа, қатысушылардың спорттық іс-шараларында болған уақыты үшін тәуліктік ақы төлеу;

      жанар-жағар май сатып алу;

      спорттық іс-шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етуге байланысты спорт түрлері бойынша шығыстар;

      визалық қызметтерге, багажды тасымалдауға, трансфер құнына ақы төлеу, оларды төлеу туралы ұсынылған құжаттар негізінде рұқсат етіледі;

      полиграфиялық және кәдесый өнімдерін дайындау және сатып алу;

      марапаттау және жүлделерді табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 219 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15562 болып тіркелген) сәйкес;

      спорттық іс-шараларды өткізу орнын, музыкалық және жарық жабдықтарын, мүкәммалды және өзге де қосалқы құралдарды жалға алу;

      көлік, почта-телеграф, баспаханалық және ақпараттық шығыстар;

      спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған қызметкерлердің еңбегіне, тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші (оның ішінде медициналық) персоналдың қызметтеріне ақы төлеу;

      спорт жарыстарына қызмет көрсеткені үшін спорт төрешілерінің қызметтеріне ақы төлеу және тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың (оның ішінде медициналық) еңбегіне ақы төлеу, жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады;

      спорттық делегацияларды қабылдау және оларға қызмет көрсету, тұрғын үй-жайларды жалдау және ұйымдастырылған тамақтану;

      заңды және жеке тұлғалар ақылы негізде көрсететін қызметтерді қоса алғанда, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу орындарын дайындауға және ағымдағы ұстауға байланысты қызметтерге ақы төлеу;

      спорттық іс-шараны өткізу үшін қажетті спорт түрінің немесе спорттық іс-шараның ерекшелігін ескере отырып, спорттық іс-шараларды өткізу үшін материалдық қорларды сатып алу;

      спорттық іс-шараларға қатысу бойынша бастапқы және ұйымдастырушылық жарналарды төлеуге, іссапарға жіберілетін тарап не спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылатын бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбелерде спорттық іс-шараларды тіркеуге байланысты шығыстар;

      спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды), спорттық іс-шараларға қатысу үшін спорттық іс-шараларға қатысушыларды және спорттық жарыстарға қызмет көрсету үшін қажетті мамандарды іссапарға жіберу.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов