О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 202 "Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 17 марта 2025 года № 87. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2025 года № 35854

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 202 "Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32218) следующие изменения:

      в Правилах субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) местный исполнительный орган (акимат) – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области, города республиканского значения и столицы, района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории (далее – МИО);";

      часть третью пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "Смета операционных затрат аэропорта, а также данные по пассажиропотоку формируются на основании программы деятельности (плана развития) аэропорта на предстоящий финансовый год в целях финансового обеспечения затрат, связанного с его функционированием.";

      Подпункт 3) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3) копию сертификата годности аэродрома к эксплуатации, за исключением периода проведения реконструкции либо капитального ремонта в аэропорту;";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. По итогам финансового года МИО и аэропорт проводят сверку взаиморасчетов с составлением актов сверки выполненных работ.

      При превышении пассажиропотока свыше двести тысяч человек в течение года, МИО отказывает в дальнейшем субсидировании с момента превышения данного показателя до конца финансового года.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 наурызда № 35854 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);";

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әуежайдың операциялық шығындарының сметасы, сондай-ақ жолаушылар ағыны бойынша деректер оның жұмыс істеуіне байланысты шығындарды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың алдағы қаржы жылына арналған қызмет бағдарламасының (даму жоспарының) негізінде қалыптастырылады.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әуежайда реконструкция не күрделі жөндеу жүргізу кезеңін қоспағанда, әуеайлақтың пайдалануға жарамдылығы сертификатының көшірмесін;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қаржы жылының қорытындысы бойынша ЖАО мен әуежай орындалған жұмыстардың салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.

      Жыл ішінде жолаушылар ағыны екі жүз мыңнан асқан кезде ЖАО осы көрсеткіштен асқан сәттен бастап қаржы жылының соңына дейін одан әрі субсидиялаудан бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің м.а.
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі