Об установлении водоохранной зоны, полосы участка реки Жиделисай на рассматриваемом створе, расположенного в Борсенгирском сельском округе Улытауского района области Ұлытау, и режима их хозяйственного использования

Постановление акимата области Ұлытау от 6 января 2025 года № 02/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Ұлытау 8 января 2025 года № 174-20

      В соответствии с подпунктами 2), 2-1) статьи 39 и пунктом 2 статьи 116 Водного Кодекса Республики Казахстан, подпунктом 8-1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 мая 2015 года № 19-1/446 "Об утверждении Правил установления водоохранных зон и полос" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11838), акимат области Ұлытау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить водоохранную зону, полосу участка реки Жиделисай на рассматриваемом створе, расположенного в Борсенгирском сельском округе Улытауского района области Ұлытау согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Установить режим хозяйственного использования водоохранной зоны, полосы участка водного объекта, указанного в пункте 1 настоящего постановления, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Акимату Улытауского района области Ұлытау, государственным учреждениям "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования области Ұлытау", "Управление сельского хозяйства и земельных отношений области Ұлытау", уполномоченным государственным органам, в пределах своей компетенции в установленном законодательством порядке, принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Ұлытау Д. Рыспеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Республиканское государственное учреждение

      "Нура-Сарысуская бассейновая инспекция

      по регулированию использования и охране

      водных ресурсов Комитета водного хозяйства

      Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан"

      "СОГЛАСОВАНО"

      Республиканское государственное учреждение

      "Департамент санитарно-эпидемиологического контроля

      области Ұлытау Комитета санитарно-эпидемиологического контроля

      Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

      "СОГЛАСОВАНО"

      Республиканское государственное учреждение

      "Департамент экологии по области Ұлытау

      Комитета экологического регулирования и контроля

      Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан"

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение

      "Управление сельского хозяйства

      и земельных отношений области Ұлытау"

  Приложение 1
к постановлению
акимата области Ұлытау
от 6 января 2025 года
№ 02/01

Водоохранная зона, полоса участка реки Жиделисай на рассматриваемом створе, расположенного в Борсенгирском сельском округе Улытауского района области Ұлытау

Наименование водного объекта

Месторасположение

Водоохранная зона

Водоохранная полоса

площадь (гектар)

ширина (метр)

протяженность (километр)

площадь (гектар)

ширина (метр)

протяженность (километр)

1

Участок реки Жиделисай

Борсенгирский сельский округ, Улытауский район, область Ұлытау

108,037

500

0,415

7,165

35

0,423

      Примечание:

      границы и ширина водоохранной зоны и полосы отражены в картографическом материале утвержденной проектной документации.

  Приложение 2
к постановлению
акимата области Ұлытау
от 6 января 2025 года
№ 02/01

Режим хозяйственного использования водоохранной зоны, полосы участка реки Жиделисай на рассматриваемом створе, расположенного в Борсенгирском сельском округе Улытауского района области Ұлытау

      1. В пределах водоохранной полосы запрещаются:

      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;

      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, промыслового рыболовства, рыбоводных объектов, связанных с размещением и обслуживанием рыбоводных хозяйств и коммуникаций к ним, рыбохозяйственных технологических водоемов, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте, без строительства зданий и сооружений досугового и (или) оздоровительного назначения. Положение данного подпункта применяется с учетом требований, установленных статьей 145-1 Водного кодекса Республики Казахстан;

      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;

      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водного объекта и его водоохраняемой зоны и полосы;

      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;

      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;

      7) применение всех видов пестицидов и удобрений.

      2. В пределах водоохранной зоны запрещаются:

      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водного объекта и его водоохранной зоны и полосы;

      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, бассейновыми инспекциями, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;

      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;

      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;

      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      6) применение способа авиаобработки пестицидами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;

      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических пестицидов.

      При необходимости проведения вынужденной санитарной обработки в водоохранной зоне допускается применение мало- и среднетоксичных нестойких пестицидов.

      3. В водоохранной зоне и полосе запрещается строительство (реконструкция, капитальный ремонт) предприятий, зданий, сооружений и коммуникаций без наличия проектов, согласованных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, и получивших положительное заключение комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства (технико-экономических обоснований, проектно-сметной документации), включающей выводы отраслевых экспертиз.

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінде орналасқан, қаралып отырған тұста Жиделісай өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 қаңтарда № 174-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінде орналасқан, қаралып отырған тұста Жиделісай өзені учаскесінің су қорғау аймағы, белдеуі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су объектісі учаскесінің су қорғау аймағының, белдеуінің шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімдігі, "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы", "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемелері, уәкілетті мемлекеттік органдар, өз құзыретінің шеңберінде заңнамамен белгіленген тәртіпте, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі

      Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

      Ұлытау облысы бойынша экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және

      жер қатынастары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

  Ұлытау облысы
әкімдігінің
2025 жылғы 6
қаңтардағы
№ 02/01
қаулысына 1-қосымша

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінде орналасқан, қаралып отырған тұста Жиделісай өзені учаскесінің су қорғау аймағы, белдеуі

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

алаңы (гектар)

ені (метр)

ұзындығы (шақырым)

алаңы (гектар)

ені (метр)

ұзындығы (шақырым)

1

Жиделісай өзенінің учаскесі

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Борсеңгір ауылдық округі

108,037

500

0,415

7,165

35

0,423

      Ескерту:

      су қорғау аймағының және белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамасының картографиялық материалында көрсетілген.

  Ұлытау облысы
әкімдігінің
2025 жылғы 6
қаңтардағы
№ 02/01
қаулысына 2-қосымша

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінде орналасқан, қаралып отырған тұста Жиделісай өзені учаскесінің су қорғау аймағының, белдеуінің шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау белдеуінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектінің және оның су қорғау аймағы мен белдеуінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Су қорғау аймағының шегінде:

      1) су объектінің және оның су қорғау аймағы мен белдеуінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймағы мен белдеуінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.