О внесении изменения в решение маслихата района Бәйтерек от 27 сентября 2023 года № 8-8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Бәйтерек"

Решение маслихата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 27 марта 2025 года № 21-27. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 2 апреля 2025 года № 7511-07

      Маслихат района Бәйтерек РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Бәйтерек от 27 сентября 2023 года № 8-8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Бәйтерек" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7254-07) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Бәйтерек, утвержденных указанным решением:

      в пункте 6 подпункт 31) изложить в следующей редакции:

      "31) супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - единовременно в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы – 9 мая;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      председатель маслихата Н. Хайруллин

Бәйтерек ауданы мәслихатының "Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 21-27 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 2 сәуірде № 7511-07 болып тіркелді

      Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы мәслихатының "Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7254-07 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақтың 31) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Н. Хайруллин