О внесении изменения в решение Чингирлауского районного маслихата от 8 ноября 2023 года № 11-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района"

Решение Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20 марта 2025 года № 33-2. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 2 апреля 2025 года № 7512-07

      Чингирлауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Чингирлауского районного маслихата от 8 ноября 2023 года №11-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №7288-07) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района, утвержденных указанным решением:

      подпункт 31) пункта 6 главы 2 изложить в новой редакции:

      "31) супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - единовременно в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге ко Дню Победы – 9 мая;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Тургалиев

Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 11-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 33-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 2 сәуірде № 7512-07 болып тіркелді

      Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы №11-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7288-07 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тарау 6-тармақтың 31) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Тургалиев