1. Зерделік меншігі объектілерін материалдық емес активтер құрамына
енгізу Тәртібі (бұдан әрі Тәртібі) 1995 ж. 29 желтоқсанындағы Азаматтық
кодексінің 59, 115, 125 баптарына, зерделік меншік мәселелері, сәйкес
жасалынған.
2. Зерделік меншік объектілері (ЗМО) түріндегі салымдарды құндық
бағалау немесе құрылатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына ЗМО мүліктік
құқылыққа, сондай-ақ ғылыми-техникалық салаларды жекешелендіру кезінде осы
Тәртіптің қолданылуы міндетті.
3. Материалдық емес активтер құрамына олардың құндары көрсетіле
отырып, келесі зерделік меншігі объектілеріне (бұдан әрі ЗМО)
құқылықтарының есепті бірліктері енгізіледі:
- өнертабыстар патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар
(Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- өнеркәсіп үлгілері патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар
(Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- пайдалы модельдер патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар
(Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- тауар таңбалары куәліктеріне жататындардан туындайтын құқылықтар
(Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және
тауар шығу жерінің атауы туралы" заңы);
- өсімдіктердің және жануарлар тұқымының жаңа сорттары патенттеріне
жататындардан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының
"Селекциялық жетістіктер туралы" заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі, патенттермен қорғалатын,
өнертабыстарды пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын
құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі, патенттермен қорғалатын, өнеркәсіп
үлгілерін пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын құқылықтар
(Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі, патенттермен қорғалатын, пайдалы
модельдерді пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын
құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі куәліктермен қорғалатын, тауар
таңбаларын пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын құқылықтар
(Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және
тауар шығу жерінің атауы туралы" заңы);
- "Ноу-хау" беру туралы шарт негізінде берілетін "ноу-хауға" ерекше
құқық және "Ноу-хауды" беру туралы шарт бойынша тараптар ретінде қатысушы
кәсіпорындарды құжаттармен бекіту;
- авторлық құқық объектілеріне жататындарға және шектес құқықтарға
құқылықтар (Қазақстан Республикасының "Авторлық құқылықтар және шектес
құқылықтар туралы" заңы);
- ЗМО-ға мемлекеттік құжаттармен бекітуді қажет етпейтін ерекше
құқылықтар (интегральдық микросхемалар топологиясы, ЭЕМ арналған
бағдарламалар, мәліметтер базасы және авторлық құқықтық басқа да
объектілері. Қазақстан Республикасының авторлық және шектес құқылықтар
туралы заңы).
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.