Положение о порядке переподготовки и повышения квалификации специалистов в области охраны труда

Утверждено приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 февраля 1998 г. N 24-п. Зарегистрированo в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24.03.1998 г. N 492. Утратил силу - приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 27.01.2005г. N 23-п

             Извлечение из приказа Министра труда и
     социальной защиты населения РК от 27.01.2005г. N 23-п
 
      "В целях совершенствования законодательства Республики Казахстан о безопасности и охране труда ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 февраля 1998 г. N 24-п "Об утверждении Положения о порядке переподготовки и повышения квалификации специалистов в области охраны труда"...
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания.
 
      Министр".
--------------------------------------------------------------------
 
 
 

                            1. Общие положения
 
      1.1. Настоящее Положение разработано во исполнение постановления Кабинета Министров Республики Казахстан P940493_  "О подготовке, переподготовке и повышении квалификации специалистов по охране труда" от 10 мая 1994 г. N 493 с целью координации действий Министерства труда и социальной защиты населения, Министерства образования, культуры и здравоохранения Республики Казахстан в вопросах переподготовки и повышения квалификации специалистов в области охраны труда.
      1.2. Действие настоящего Положения распространяется на министерства, государственные комитеты, иные центральные и местные исполнительные органы, организации, любые юридические и физические лица независимо от форм их собственности и хозяйствования при организации системы переподготовки и повышения квалификации специалистов в области охраны труда.

                             2. Основные задачи

      Основными задачами системы обучения специалистов в области охраны труда являются:
      2.1. Переподготовка и повышение квалификации в области охраны труда работников, деятельность которых в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об охране труда" (ст. 13, 22) по занимаемой должности связана с охраной труда работников организаций.
      2.2. Организация систематического изучения работниками законодательных нормативных правовых актов, правил, стандартов и других документов по охране и условиям труда, отечественного и зарубежного опыта в области охраны труда, эффективных методов профилактики несчастных случаев на производстве и профзаболеваний.

               3. Управление системой переподготовки и повышения
                   квалификации кадров в области охраны труда

      3.1. Организационно-методическое руководство системой переподготовки и повышения квалификации кадров в области охраны труда осуществляется Министерством труда и социальной защиты населения по согласованию с Комитетом образования Министерства образования, культуры и здравоохранения Республики Казахстан, а также их структурными подразделениями на местах.
      3.2. Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан:
      создает необходимую правовую и нормативную базу для обучения  специалистов в области охраны труда;
      утверждает межотраслевые и отраслевые учебные программы обучения в области охраны труда;
      осуществляет координацию деятельности всех региональных учреждений по обучению специалистов в области охраны труда;
      осуществляет контроль за качеством обучения.

              4. Система переподготовки и повышения квалификации
                     специалистов в области охраны труда

      4.1. Переподготовка специалистов в области охраны труда осуществляется на спецфакультетах высших учебных заведений по профилю имеющегося высшего образования с присвоением квалификации "инженер охраны труда" или "менеджер по охране труда".
      Повышение квалификации слушателей может осуществляться в центрах повышения квалификации - республиканских, отраслевых, межотраслевых и региональных.
      4.2. Обучение специалистов в области охраны труда разрешается при условии получения соответствующим учреждением лицензии на этот вид деятельности согласно Порядку выдачи разрешений на обучение и проверку знаний по охране труда руководителей и специалистов организаций.
      4.3. Форма и продолжительность обучения специалистов в области охраны труда устанавливается на основании договора с заказчиком, исходя из целей и задач обучения, категории обучаемых, их профессионального уровня и других факторов.
      4.4. Учебно-производственная база образовательного учреждения должна быть оснащена комплексом технических и программных средств, необходимых для подготовки и оценки знаний слушателей по охране труда.
      4.5. В системе обучения предусматриваются следующие основные виды занятий: лекции, лабораторные и практические занятия, семинары, деловые игры, консультации, самостоятельные занятия слушателей, посещение организаций различных форм собственности и хозяйствования.

            5. Права и обязанности образовательных учреждений

      5.1. Учреждения системы переподготовки и повышения квалификации обязаны:
      удовлетворять потребности всех министерств, ведомств и других хозяйствующих субъектов в подготовке квалифицированных специалистов в области охраны труда;
      организовать изучение слушателями отечественных и зарубежных достижений в области улучшения охраны и условий труда;
      совершенствовать и развивать формы и виды обучения;
      повышать профессиональный уровень преподавательского состава.
      5.2. Учреждения системы переподготовки и повышения квалификации имеют право:
      аттестовывать слушателей по итогам обучения с вручением соответствующего квалификационного документа: свидетельства (сертификата) или удостоверения в зависимости от программы и продолжительности обучения;
      привлекать специалистов государственного надзора и контроля за охраной труда для обучения и аттестации;
      оказывать на платной основе консультационную и иную помощь организациям и другим хозяйствующим субъектам, а также частным лицам по вопросам обучения и повышения квалификации работников в области охраны труда.

   6. Слушатели учреждений повышения квалификации и переподготовки

      6.1. В учреждения переподготовки и повышения квалификации направляются специалисты с высшим, средним специальным и общим средним образованием из числа руководителей и специалистов организаций.
      6.2. Стоимость обучения определяется образовательным учреждением по договору с заказчиком.
      6.3. Слушатели учебных центров обязаны:
      совершенствовать свои профессиональные знания, умения и навыки в области профилактики производственного травматизма, профзаболеваний и организации охраны труда в конкретных условиях производства;
      своевременно и в полном объеме выполнять работы, предусмотренные учебной программой;
      строго выполнять требования учебного процесса и правила внутреннего распорядка учреждения. При невыполнении учебного плана, а также при грубом нарушении правил внутреннего распорядка слушатель отчисляется приказом руководителя учреждения с выдачей соответствующей справки с указанием причины отчисления.
      6.4. Слушатели институтов, факультетов и курсов имеют право:
      вносить предложения по совершенствованию учебного процесса;
      пользоваться всеми учебными и учебно-вспомогательными помещениями, имеющейся нормативной, инструктивной, учебной и учебно-методической документацией учебного заведения, а также другими услугами в порядке, определенном условиями договора.

Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік Қорғау Министрінің 1998 жылғы 18 ақпандағы N 24п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 24 наурызда N 492 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 23-ө бұйрығымен.

----------бұйрықтан үзінді-------

      Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Еңбектi қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы N 24-ө бұйрығының (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 492 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын...

     Министр

---------------------------------      

     "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес және еңбекті қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында бұйырамын:
     1. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен келісілген Ереже бекітілсін.
     2. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары:
     осы Ереженің меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан ұйымдарға жеткізілуін қамтамасыз етсін;
     ұйымдардың осы Ережені сақтауына бақылау орнатсын.     

      Министр

    КЕЛІСІЛГЕН                               БЕКІТІЛГЕН
 Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
Білім, мәдениет және денсаулық        Еңбек және халықты әлеуметтік
 сақтау министрлігінің                    қорғау министрлігінің
    Білім комитеті                             бұйрығымен
  1998 ж. 2 ақпан N                      1998 ж.18 ақпан N 24п

Еңбекті қорғау саласындағы
мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін
көтерудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1.1.  Осы Ереже "Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 мамырдағы N 493 P940493_ қаулысын орындау үшін және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелеріндегі жұмысын үйлестіру мақсатында әзірленді.
     1.2. Осы Ереженің күші министрліктерде: комитеттерде, өзге де орталық және жергілікті атқару комитеттерінде, ұйымдарда, меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан заңды және жеке тұлғаларда еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастырған кезде қолданылады.

2. Басты міндеттері

     Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту жүйесінің басты міндеттері:
     2.1. "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қызметі лауазымы жағынан ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегін қорғаумен байланысты еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру;
     2.2. Қызметкерлердің еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары жөніндегі заңдық, нормативтік, құқылық актілерді, ережелерді, стандарттарды және басқа да құжаттарды, еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелерді, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурудың алдын алудың тиімді әдістерін оқып үйренуін ұйымдастыру болып табылады.

3. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта
даярлау мен олардың біліктілігін көтеру жүйесін басқару

     3.1. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің жүйесіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен келісе отырып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ олардың жер-жерлердегі құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
     3.2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
     еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту үшін қажетті құқылық және нормативтік базаларды құрады;
     еңбекті қорғау саласындағы салааралық және салық оқу бағдарламаларын бекітеді;
     еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту жөніндегі бүкіл аймақтық мекемелердің жұмысын үйлестіреді;
     оқытудың сапасына бақылау жасайды.

4. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта
даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің жүйесі

     4.1. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау жоғары оқу орындарында арнайы факультеттерде олардың бұрынғы жоғары білімі бойынша жүзеге асырылып, оларға "еңбекті қорғау инженері" немесе "еңбекті қорғау менеджері" атағы беріледі.
     Тыңдаушылардың біліктілігін көтеру республикалық, салалық, салааралық және аймақтық біліктілігін көтеру орталықтарында жүзеге асырылады.
     4.2. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуға тиісті мекеме қызметтің осы түріне ұйымдардың басшылары мен мамандарын еңбекті қорғау жөнінде оқытуға және олардың білімін тексеруге рұқсат берудің тәртібіне сәйкес лицензия алғанда рұқсат етіледі.
     4.3. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытудың нысаны мен оның ұзақтығы тапсырыс жасаушының келісімі негізінде, оқытудың мақсаты мен міндетіне, оқытылатындардың санатына, олардың кәсіптік деңгейіне және басқа да факторларға сүйене отырып белгіленеді.
     4.4. Білім беру мекемесінің оқу-өндірістік базасы еңбекті қорғау саласындағы тыңдаушыларды даярлауға және олардың білімін бағалауға қажетті кешенді техникалық және бағдарламалық құралдармен жарақтандырылуға тиіс.
     4.5. Оқыту жүйесінде сабақтардың мынадай басты түрлері: лекциялар, лабораториялық және практикалық сабақтар, семинарлар, іскер ойындар, консультациялар, тыңдаушылардың дербес сабақтары, түрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы ұйымдарға бару көзделеді.

5. Білім беру мекемелерінің құқылары мен міндеттері

     5.1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің мекемелері:
     бүкіл министрліктердің, ведомстволардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлауға мұқтаждығын қанағаттандыруға;
     тыңдаушыларға еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік жетістіктерді үйретуді ұйымдастыруға;
     оқытудың нысандары мен түрлерін жетілдіріп, дамытуға;
     оқытушылар құрамының кәсіптік деңгейін арттыруға міндетті.
     5.2. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің мекемелері:
     тыңдаушыларды оқытудың қорытындысы бойынша аттестаттауға және ол бойынша оларға тиісті біліктілік құжатын: оқытудың бағдарламасы мен ұзақтығына қарай куәлік (сертификат) немесе куәлік беруге;
     еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау және қадағалау жасайтын мамандарды оқыту және аттестация жүргізуге тартуға;
     ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектілеріне, сондай-ақ жеке адамдарға еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін көтеру мәселелері бойынша ақылы консультациялық және өзге де көмек көрсетуге құқылы.

6. Біліктілігін көтеру және қайта даярлау
мекемелерінің тыңдаушылары

     6.1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелеріне ұйымдардың басшылары мен мамандары қатарынан жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білімі бар мамандар жіберіледі.
     6.2. Оқытудың бағасын білім беру мекемесі тапсырыс жасаушының келісімімен белгілейді.
     6.3. Оқыту орталықтарының тыңдаушылары:
     өндірісте жарақат алудың, кәсіптік ауруға шалдығудың алдын алу және өндірістіктің нақты жағдайларында еңбекті қорғауды ұйымдастыру саласындағы өздерінің кәсіби білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін жетілдіруге;
     оқу бағдарламасында көзделген жұмыстарды уақытында және толық көлемінде орындауға;
     мекеменің оқу процесінің және ішкі тәртібінің талаптарын қатаң орындауға міндетті. Оқу жоспарын орындамаған, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін өрескел бұзған жағдайда тыңдаушы мекеме басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, оған тиісінше оқудан шығарудың себептері көрсетілген анықтама қағазы беріледі.
     6.4. Институттардың, факультеттер мен курстардың тыңдаушылары:
     оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға;
     оқу орнының барлық оқу және қосалқы-оқу бөлмелерін, оларда бар нормативтік, нұсқамалық, оқу және оқу-әдістемелік құжаттамаларын, сондай-ақ келісімнің шарты белгіленген тәртіпте басқа да қызметтерді пайдалануға құқылы.