О призыве граждан 1972-1980 годов рождения на срочную военную службу весной 1998 года

Решение акима Кызылординской области от 10 апреля 1998 года № 709. Зарегистрировано Управлением юстиции Кызылординской области 29 мая 1998 года № 23. Прекращено действие в связи с истечением срока

      Осенний призыв в Вооруженные Силы Республики Казахстан 1997 года выявил ряд существенных недостатков в организации призыва. Так, из числа призванных осенью 1997 года возвращено из войск по состоянию, здоровья 12 человек, которые были признаны по заключению врачей годными. Отдельные члены областной, городской и районных призывных комиссий к исполнению своих обязанностей отнеслись недобросовестно, не принимая участия в некоторых заседаниях. Все это отрицательно сказалось на качестве призыва.
      В целях недопущения подобных явлений и во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 03.04.98 г. № 3995 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной службы, выслуживших установленный срок военной службы и об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне 1998 года", а также Закона Республики Казахстан "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" РЕШИЛ:
      1. Для организованного проведения призыва граждан на срочную военную службу в районах и городах области решением акимов районов и города Кызылорды создать призывные комиссии и организовать их работу.
      2. Акимам районов и города Кызылорды:
      - на время призыва граждан и отправки призванных на службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан обеспечить военные комиссариаты оборудованными призывными пунктами, приспособленными для этой работы, выделить необходимое количество врачей, медсестер, технических работников и лиц обслуживающего персонала;
      - принять меры к обеспечению организованной явки призывников в военные комиссариаты для их призыва на срочную военную службу, выделить для этих целей и для дежурства в период призыва необходимый транспорт;
      - организовать торжественные проводы призывников на срочную военную службу.
      3. Для руководства районными и городскими призывными комиссиями и контроля за их деятельностью создать областную призывную комиссию (приложение № 1).
      4. Областному управлению здравоохранения /Исмаханбетов Б./:
      - выделить квалифицированных врачей и необходимое количество медицинских сестер для медосвидетельствования призывников на областном сборном пункте, а также в районах и городе Кызылорда, где недостает врачей-специалистов (приложение № 2);
      - организовать в лечебно-профилактических учреждениях районов и городе Кызылорде внеочередной прием призывников, проводить углубленное медицинское обследование для определения их годности к военной службе;
      - обеспечить областной призывной участок инструментарием, медицинским и хозяйственным имуществами согласно приказа Министерства обороны Республики Казахстан № 61 от 1995 года.
      5. Управлению внутренних дел и линейному отделу внутренних дел /Рахимов Т.,Есмаханов Б/ и их органам на местах на период призыва выделять наряды и передвижные посты милиции, принимать меры по поддержанию общественного порядка, дисциплины в местах массового сосредоточения на маршрутах следования призывников, обеспечению порядка среди провожающих, проводить работу по розыску и привлечению к уголовной ответственности лиц, уклоняющихся от призыва на срочную военную службу.
      6. Областному отделу записи актов гражданского состояния /Сеитова В/ в семидневный срок сообщить в соответствующие военные комиссариаты об изменении военнообязанными и призывниками фамилии, имени, отчества, о внесении в записи актов гражданского состояния, изменения даты и места рождения, а также о случаях регистрации смерти военнообязанного или призывника.
      7. Областному управлению юстиции /Набиев Т./ в семидневный срок сообщить в соответствующие военные комиссариаты о призывниках, уголовные дела которых рассматриваются судом и о вступивших в законную силу приговорах в отношении военнообязанных и призывников. На призывников, осужденных судом, выслать в соответствующие военные комиссариаты копии приговора или справки об осуждении с указанием когда и по какой статье Уголовного Кодекса Республики Казахстан осужден призывник и на какой срок.
      8. Управлению внутренних дел /Рахимов Т./ регулярно сообщать в соответствующие военные комиссариаты о призывниках, в отношении которых ведется дознание или предварительное следствие.
      9. Руководителям АО "Маршрут" /Ерденов С./, АО "Катынас" /Нугманов М./ рассмотреть вопрос о выделении автотранспорта областному военному комиссариату для перевозки призывников в период призыва, а руководителям АО "КРЭК", ПКВ "Жас Талап", о выделении автотранспорта для дежурства /приложение № 3/.
      10. Президенту АО Горэлетросети /Арыстанов Т./ обеспечить бесперебойную подачу электроэнергии в областной военкомат на период проведения призывной комиссии.
      11. Членам призывной комиссии, медицинским и техническим работникам, а также лицам обслуживающего персонала, выделяемым для работы на призывном участке, на все время исполнения этих обязанностей сохранить место работы, занимаемую должность и средний заработок.
      12. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима области, председателя областной призывной комиссии Еримбетова Н.К.
      Аким Б. Сапарбаев

  Приложение № 1
  к решению акима области
  от 10 апреля 1998 года № 70

СОСТАВ

областной призывной комиссии

      Председатель комиссии - Еримбетов Н.К. заместитель акима области
      Заместитель председателя - Петроченков О.И. областной военный комиссар
      Члены комиссии:
      Алпысбаев Г. – первый заместитель начальника УВД
      Изтлеуов А.И. – главный терапевт области
      Каниев М.К. - председатель областной военно-врачебной комиссии
      Наурызбаев К. - зав.сектором военно-мобилизационной работы аппарата акима области
      Секретарь комиссии:
      Колоскова Т.Я. - медсестра областного специализированного лечебно-профилактического учреждения

  Приложение № 2
  к решению акима области
  от 10 апреля 1998 года № 709

Областная врачебная комиссия при областном сборном пункте

      Председатель врачебной комиссии - Каниев М.К.
      Члены комиссии:
      Амитов Н. – хирург облбольницы
      Сапаров А.Д. – травматолог ооблбольницы
      Жубаниязова К. – терапевт облбольницы
      Шамкенов А.А. – кардиолог горбольницы
      Омирзаков О.О. – невропатолог облбольницы
      Абишев А. – психиатр облпсихбольницы
      Аскарова М.А. – кожвенеролог облкожвендиспансера
      Байжигитов С. – стоматолог гор.детской поликлиники
      Исамберлин А. – лор.врач облбольницы
      Бодыков Ж. - фтизиатр облбольницы
      Смаханов О. - лепролог Казлепрозория
      Бурибаев Т. - окулист облглазной больницы

  Приложение № 3
  к решению акима области
  от 10 апреля 1998 года № 709

Предлагаемый список организаций, выделяющих автотранспорт для дежурства на областном сборном пункте


пп.
Наименование организации
 
Сроки дежурства
Примечание
1.
АО "КРЭК"
с 11.05. - 01.06.98 г.
 
2.
ПКВ "Жас Талап"
с 01.06. - 18.06.98 г.
 

     

1972-1980 жылдары туылған азаматтарды 1998 жылғы көктемгi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Қызылорда облысы әкімінің 1998 жылғы 10 сәуірдегі № 709 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 29 мамырда № 23 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      Қазақстсн Республикасы Қарулы Күштеріне 1997 жылдың күзгі шақырылымы, бұл жұмысты ұйымдастырудағы орын алған бірқатар елеулі кемшіліктерді айқындады. Атап айтқанда, 1997 жылғы күзгі шақырылғандардың ішінен денсаулығына байланысты, дәрігерлердің тексеру қорытындысымен жарамды деп танылған 12 адам әскерден кері қайтарылған. Облыстық қалалық және аудандардың шақыру комиссияларының кейбір мүшелері өзінің негізгі міндеттеріне жауапкершілікпен қарамай, бірнеше отырысқа қатыспаған. Осылардың бәрі шақырылымның сапасына кері әсерін тигізді.

      Бұндай жағдайларды болдырмау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуіріндегі № 3995 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын сол сияқты Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын орындау тұрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Аудандар мен Қызылорда қаласында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу үшін, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің шешімдерімен шақыру комиссиялары құрылсын және олардың жұмысы ұйымдастырылсын.

      2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

      - азаматтарды әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде әскери комиссариаттарды осы жұмыстарды атқаруға сай жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілер құрамын бөлсін;

      - мерзімді әскери қызметке шақыруға орай әскерге шақырылған азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын және :сы мақсаттар мен шақыру мерзіміндегі кезекшілік үшін қажетті көлік бөлсін;

      - мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.

      3. Аудандардағы және қалалардағы шақыру комиссияларына басшылық ету және олардың іс-қызметін бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылсын //№ 1 қосымша/.

      4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы /В.Исмаханбетов/:

      - шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын, сол сияқты аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер-мамандарды бөлсін /№ 2 қосымша/;

      - аудандардағы және Қызылорда қаласындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінде шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік тексеру жүргізсін;

      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық әскерге шақыру учаскесін дәрігерлік жабдықтармен, медициналық, шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етсін.

      5. Облыстық ішкі істер басқармасы мен теміржол ішкі істер бөлімі /Т.Рахимов, Б.Есмаханов/ және олардың жергілікті жерлердегі органдары шақыру кезеңінде милиция наряды мен жылжымалы пункттерін бөлсін, тұрғындардың көп жиналған жерлерінде және әскерге шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезінде, шығарып салушылар арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін, міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.

      6. Азаматтардың хал актісін тіркеу жөніндегі облыстық бөлімі /В.Сейтова/ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөнінің және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді әскери комиссариаттарға 7 күн ішінде хабарласын.

      7. Облыстық әділет басқармасы /Т.Нәбиев/ әскери қызметке шақырылғандардың қылмыстық ісі сотта қаралғандары және әскери міндеттілер мән әскерге шақырылғандарға қатысты заңды түрде күшіне енген сот үкімдері жөнінде 7 күн мерзім ішінде әскери комиссариаттарға хабарласын. Әскерге шақырылғандардың сотталғаны туралы, Қззақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің қандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген үкімдерінің көшірмелерін немесе анықтамаларды тиісті әскери комиссариаттарға жіберсін.

      8. Ішкі істер басқармасы /Т.Рахимов/ әскерге шақырылғандардың арасында анықтау мен алдын-ала тергеуде жүргендері туралы тиісті әскери комиссариаттарға уақытылы хабарлап тұрсын.

      9. "Маршрут", "Қатынас" акционерлік қоғамдарының басшылары облыстық әскери комиссариатқа әскерге шақырылғанларды тасымалдау мен жөнелтуге, ал КРЭК" АҚ, "Жас талап" жүргізушілер өндірістік кооперативінің басшылары кезекшілікке қажетті көлік бөлу мәселесін қарасын /№ 3 қосымша/.

      10. Қалалық электр желісі акционерлік қоғамы /Т. Арыстанов/ облыстық әскери комиссариатқа шақыру комиссиясының жүргізу кеэеңінде электр жарығын үзбей беріп тұруды қамтамасыз етсін.

      11. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметшілердің, шақыруға байланысты атқарған кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.

      12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н. Ерімбетовке жүктелсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

  Облыс әкімінің 1998 жылғы
  10 сәуірдегі № 709 шешіміне
  №1 ҚОСЫМША

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

      Комиссия төрағасы - Н.Ерімбетов облыс әкімінің орынбасары

      Комиссия төрағасының орынбасары – 0.И.Петроченков - облыстық әскери комиссар

      КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

      Ғ.Алпысбаев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының І орынбасары

      А.Ізтілеуов - облыстың бас терапевті

      М.Қаниев - облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы

      Қ.Наурызбаев - облыс әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысының сектор менгерушісі

      КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ:

      Т.Колоскова - облыстық арнаулы емдеу-профилактикалық мекемесінің аяжаны

  Облыс әкімінің 1998 жылғы
  10 сәуірдегі № 709 шешіміне
  № 2 ҚОСЫМША

Облыстық шақыру пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссиясы

      Дәрігерлік комиссияның төрағасы: - М.ҚАНИЕВ

      Н. Әмитов - облыстық аурухананың хирургі

      А.Сапаров - облыстық аурухананың травматологі

      К. Жұбаниязова - облыстық аурухананың терапевті

      А. Шамкенов - қалалық аурухананың кардиологі

      О. Өмірзақов - облыстық аурухананың невропотологі

      А. Әбішов – облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатрі

      М. Аскарова – облыстық тері-венерологиялық диспансерінің тері аурулары жөніндегі дәрігері

      С. Байжігітов – қалалық балалар емханасының тіс дәрігері

      А. Исамберлин - облыстық аурухананың лор дәрігері

      Ж. Бодықов - облыстық аурухананың фтизиатрі

      О. Смаханов - Казлепрозорийдің лепр-дәрігері

      Т. Бөрібаев - облыстық көз аурулары емханасының дәрігері

  Облыс әкімінің 1998 жылғы
  10 сәуірдегі №709 шешіміне
  № 3 ҚОСЫМША

Облыстық шақыру пунктіне кезекшілікке автокөлік бөлетін ұйымдардың ұсынылатын

ТІЗІМІ

Рет саны

Ұйымдардың аты

Кезекшілік мерзімдері

Ескертпе

1.

"КРЭК" АҚ

1998ж. 11.05. – 01.06.


2.

"Жас талап" жүргізушілер өндірістік кооперативі

1998 ж. 01.06. – 18.06.