О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О занятости населения"

Закон Республики Казахстан от 27 января 2004 года N 524

      Статья 1.  Внести в Закон  Республики Казахстан от 23 января 2001 г. "О занятости населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 3, ст. 18) следующие изменения и дополнения:

     
      статью 1 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) квота на привлечение иностранной рабочей силы (далее - квота) - устанавливаемая ежегодно Правительством Республики Казахстан доля иностранной рабочей силы в процентном отношении к численности экономически активного населения Республики;";

     
      подпункт 6) пункта 2 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      "6) распределять квоту в пределах и порядке, установленных Правительством Республики Казахстан на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан, между областями, городами Астаной и Алматы;";

     
      статью 7 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории соответствующей административно-территориальной единицы в пределах квоты, распределенной центральным исполнительным органом, а также приостановки и отзыва указанных разрешений;";

     
      подпункт 7) пункта 1 статьи 8 изложить в следующей редакции:
      "7) направлять безработных на профессиональное обучение в соответствии с потребностями рынка труда с последующим содействием их трудоустройства;";

     
      пункт 1 статьи 9 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) подготовки кадров через организации образования, реализующие образовательные программы начального, среднего и высшего профессионального образования;";

     
      в статье 11:

     
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Центральный исполнительный орган распределяет квоту в пределах и порядке, установленных Правительством Республики Казахстан на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан, между областями, городами Астаной и Алматы.";

     
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Местные исполнительные органы на территории соответствующей административно-территориальной единицы выдают разрешения на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности в пределах квоты, распределенной центральным исполнительным органом, а также приостанавливают и отзывают указанные разрешения.";

     
      в статье 23 слова "законодательными актами" заменить словом "законами".

     
      Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие с 1 марта 2004 года.

      Президент
      Республики Казахстан

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 524 Заңы

      1-бап.  "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - Республиканың экономикалық тұрғыда белсенді халқының санына шаққанда процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;";

      6-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;";

      7-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;";

      8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік оқуға жіберуге;";

      9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толтырылсын:
      "2-1) кадрларды бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;";

      11-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.";

      23-баптағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап.  Осы Заң 2004 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті