О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам особо охраняемых природных территорий

Закон Республики Казахстан от 1 декабря 2008 года № 94-IV

       Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 13, ст. 99; 2005 г., № 9, ст. 26; 2006 г., № 1, ст.5; № 3, ст. 22; № 11, ст. 55; № 12, ст. 79, 83; № 16, ст. 97; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 18; № 14, ст. 105; № 15, ст. 106, 109; № 16, ст. 129; № 17, ст. 139; № 18, ст. 143; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 15-16, ст. 64):
      1) статью 13 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) перевод земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса по предложению уполномоченного государственного органа в области особо охраняемых природных территорий и утверждение его порядка;";
      2) пункт 2 статьи 122 дополнить частью четвертой следующего содержания:
      "Перевод земель особо охраняемых природных территорий не допускается, за исключением случаев перевода в земли запаса для строительства и функционирования объектов туризма, предусмотренных государственными программами, при отсутствии других вариантов возможного их размещения и только тех участков, на которых установлен режим ограниченной хозяйственной деятельности, при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы, в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.".
      2. В Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., № 16, ст. 96; 2007 г., № 1, ст. 4):
      1) статью 7 дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:
      "6-1) перевод земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса по предложению уполномоченного органа и утверждение его порядка;";
      2) подпункт 4) статьи 8 изложить в следующей редакции:
      "4) внесение предложений по созданию и расширению особо охраняемых природных территорий республиканского значения, а также по переводу земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса;";
      3) пункт 2 статьи 23 изложить в следующей редакции:
      "2. Изъятие земель особо охраняемых природных территорий не допускается.
      Перевод земель особо охраняемых природных территорий не допускается, за исключением случаев перевода в земли запаса для строительства и функционирования объектов туризма, предусмотренных государственными программами, при отсутствии других вариантов возможного их размещения и только тех участков, на которых установлен режим ограниченной хозяйственной деятельности, при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы, в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.".

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 94-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 15-16, 64-құжат):
      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;";
      2) 122-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана және ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің құрылысына және жұмыс істеуіне арналған босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.".

      2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;";
      2) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";
      3) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана және ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің құрылысына және жұмыс істеуіне арналған босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.".

       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев