О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О жилищных отношениях"

Закон Республики Казахстан от 29 мая 2010 года № 283-IV

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 8, ст. 84; 1999 г., № 13, ст. 431; № 23, ст. 921; 2001 г., № 15-16, ст. 228; 2002 г., № 6, ст. 71; 2003 г., № 11, ст. 67; 2004 г., № 14, ст. 82; № 17, ст. 101; № 23, ст. 142; 2006 г., № 16, ст. 103; 2007 г., № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 15, ст. 106, 108; № 18, ст. 143; 2009 г., № 11-12, ст. 54; № 18, ст. 84; № 27, ст. 122; 2010 г., № 5, ст. 23) следующие изменения и дополнения:
      1) статью 13 дополнить пунктами 7 и 8 следующего содержания:
      "7. Право на безвозмездное получение в собственность занимаемых ими жилищ из государственного жилищного фонда имеют инвалиды и участники Великой Отечественной войны.
      В случае смерти инвалида или участника Великой Отечественной войны, которому было предоставлено жилище, право на его безвозмездное получение переходит к членам его семьи.
      8. Не могут быть приватизированы жилища, предоставленные из государственного жилищного фонда в пользование гражданам, единственное жилище которых признано аварийным в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      2) пункт 1 статьи 67 изложить в следующей редакции:
      "1. Жилища из государственного жилищного фонда или жилище, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляются в пользование нуждающимся в жилье гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в данном населенном пункте (независимо от срока проживания) и относящимся к:
      1) инвалидам и участникам Великой Отечественной войны;
      2) малоимущим социально защищаемым слоям населения;
      3) гражданам, единственное жилище которых признано аварийным в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      3) в статье 68:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) инвалиды и участники Великой Отечественной войны;";
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) лица, приравненные к инвалидам и участникам Великой Отечественной войны;";
      4) в статье 74:
      в пункте 2:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      "2. Местные исполнительные органы района (города областного значения), города республиканского значения, столицы ведут раздельные списки учета нуждающихся в предоставлении жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде:
      1) инвалидов и участников Великой Отечественной войны;
      2) малоимущих социально защищаемых граждан;
      3) государственных служащих, работников иных бюджетных организаций и военнослужащих;
      4) граждан, единственное жилище которых признано аварийным в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      часть вторую после слов "раздельным спискам" дополнить словами ", за исключением инвалидов и участников Великой Отечественной войны,";
      в пункте 3:
      после слов "преимущественного права" дополнить словами ", за исключением инвалидов и участников Великой Отечественной войны,";
      слова "данный список" заменить словами "данные списки";
      дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Первоочередное право на получение жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, имеют инвалиды и участники Великой Отечественной войны.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 мамырдағы № 283-IV Заңы

      1-бап. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 27, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерін меншігіне тегін алуына құқығы бар.
      Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді.
      8. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтардың пайдалануына мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.";

      2) 67-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
      2) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына;
      3) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.";

      3) 68-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;";

      4) 74-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;
      3) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер;
      4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.";
      екінші бөліктегі "Дара (бөлек)" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, дара (бөлек)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "Аталған тізімге"; "бұл тізімге" деген сөздер тиісінше "Аталған тізімдерге", "осы тізімдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "басқалар алдында" деген сөздерден кейін ", Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев