О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам ответственного обращения с животными

Закон Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 99-VII ЗРК

      Статья 1. Внести следующие изменения и дополнения в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года:

      1) дополнить статьями 407-1 и 407-2 следующего содержания:

      "Статья 407-1. Жестокое обращение с животными

      1. Жестокое обращение с животными, если это деяние не содержит признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влечет штраф на физических лиц в размере пяти, на должностных лиц – в размере десяти месячных расчетных показателей.

      2. Деяние, предусмотренное частью первой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет штраф на физических лиц в размере двадцати, на должностных лиц – в размере сорока месячных расчетных показателей.

      Статья 407-2. Нарушение законодательства Республики Казахстан в области ответственного обращения с животными

      1. Нарушение установленных законодательством Республики Казахстан в области ответственного обращения с животными требований к:

      1) отлову, временному содержанию и умерщвлению животных;

      2) учету домашних животных;

      3) содержанию животных в зоологических питомниках, приютах для животных, зоологических гостиницах, пунктах временного содержания животных, реабилитационных центрах для животных, за исключением случаев, предусмотренных абзацем третьим подпункта 2) части первой статьи 406 настоящего Кодекса;

      4) содержанию и выгулу домашних животных;

      5) перевозке животных, за исключением случаев, предусмотренных абзацем пятым подпункта 2) части первой статьи 406, частями 2-1 и четвертой статьи 571 настоящего Кодекса, –

      влечет штраф на физических лиц в размере десяти, на должностных лиц – в размере двадцати, на юридических лиц – в размере тридцати месячных расчетных показателей.

      2. Деяние, предусмотренное частью первой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет штраф на физических лиц в размере двадцати, на должностных лиц – в размере тридцати, на юридических лиц – в размере сорока месячных расчетных показателей.";

      2) статью 408 изложить в следующей редакции:

      "Статья 408. Нарушение правил выпаса сельскохозяйственных животных

      1. Нарушение установленных местными представительными органами областей, городов республиканского значения, столицы правил выпаса сельскохозяйственных животных –

      влечет штраф в размере трех месячных расчетных показателей.

      2. То же действие, повлекшее причинение ущерба имуществу физических лиц, –

      влечет штраф в размере десяти месячных расчетных показателей.";

      3) в статье 685:

      в части первой цифры "408" заменить цифрами "407-1, 407-2, 408";

      в части второй:

      подпункт 3) после цифр "197," дополнить цифрами "407-1, 407-2,";

      подпункт 4) после цифр "386," дополнить цифрами "407-1, 407-2,";

      4) в статье 709:

      часть первую после слов "396 (частью первой)," дополнить цифрами "407-1, 407-2,";

      в части второй:

      подпункт 1) после слов "396 (частью первой)," дополнить цифрами "407-1, 407-2,";

      подпункты 2), 3), 4) после цифр "388" дополнить цифрами ", 407-1, 407-2";

      5) в статье 729:

      часть первую после цифр "405," дополнить цифрами "407-1, 407-2, 408,";

      часть третью после цифр "386," дополнить цифрами "407-1, 407-2,".

      Статья 2.

      1. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца десятого подпункта 1) статьи 1, который вводится в действие с 1 сентября 2023 года.

      2. Приостановить до 1 января 2025 года действие абзаца одиннадцатого подпункта 1) статьи 1 настоящего Закона, установив, что в период приостановления данный абзац действует в следующей редакции:

      "3) содержанию животных в зоологических питомниках, приютах для животных, зоологических гостиницах, пунктах временного содержания животных, реабилитационных центрах для животных, передвижных зверинцах, контактных зоопарках, за исключением случаев, предусмотренных абзацем третьим подпункта 2) части первой статьи 406 настоящего Кодекса;".

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 99-VII ҚРЗ

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мынадай мазмұндағы 407-1 және 407-2-баптармен толықтырылсын:

      "407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау

      1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасында белгіленген:

      1) жануарларды аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға;

      2) үй жануарларын есепке алуға;

      3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында ұстауға;

      4) үй жануарларын ұстауға және серуендетуге;

      5) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында, 571-бабының 2-1 және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу –

      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      3) 685-бапта:

      бірінші бөліктегі "408" деген цифрлар "407-1, 407-2, 408" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      3) тармақша "197," деген цифрлардан кейін "407-1, 407-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) тармақша "386," деген цифрлардан кейін "407-1, 407-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 709-бапта:

      бірінші бөлік "396 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "407-1, 407-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      1) тармақша "396 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "407-1, 407-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      2), 3), 4) тармақшалардағы "388-баптарында" деген сөздер "388, 407-1, 407-2-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 729-бапта:

      бірінші бөлік "405," деген цифрлардан кейін "407-1, 407-2, 408," деген цифрлармен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "386," деген цифрлардан кейін "407-1, 407-2," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 1) тармақшасы он бірінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, жылжымалы хайуанаттар бақтарында, контактілі зоопарктерде ұстауға;".

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ