О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения

Закон Республики Казахстан от 12 декабря 2023 года № 46-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан от 31 октября 2015 года:

      1) абзац первый статьи 103 после слов "освобождения от ее уплаты" дополнить словами "или предоставления отсрочки по ее уплате";

      2) в статье 106:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "1. Освобождение истца от уплаты государственной пошлины с подаваемого в суд иска или предоставление отсрочки по уплате государственной пошлины осуществляется по основаниям, предусмотренным Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).";

      в части третьей слова "от уплаты" заменить словами "по уплате";

      3) подпункт 2) части первой статьи 149 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, подтверждающий уплату государственной пошлины, либо ходатайство об отсрочке по уплате государственной пошлины по основаниям, предусмотренным Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);".

      2. В Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 29 июня 2020 года:

      подпункт 2) части восьмой статьи 131 изложить в следующей редакции:

      "2) документ, подтверждающий уплату государственной пошлины, либо ходатайство об отсрочке по уплате государственной пошлины по основаниям, предусмотренным Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);".

      3. В Закон Республики Казахстан от 3 апреля 2019 года "О специальных экономических и индустриальных зонах":

      статью 51 изложить в следующей редакции:

      "Статья 51. Налогообложение участников и управляющих компаний специальных экономических зон, управляющих компаний индустриальных зон

      1. Участники и управляющие компании специальных экономических зон, управляющие компании индустриальных зон применяют налоговые преференции в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).

      2. Участники специальных экономических зон применяют налоговые преференции в зависимости от стоимости проекта по следующим категориям:

      1) категория А – стоимость проекта до 3 000 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года;

      2) категория B – стоимость проекта от 3 000 000-кратного до 14 500 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года;

      3) категория С – стоимость проекта от 14 500 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года.

      При этом участникам специальных экономических зон, осуществляющим деятельность в отраслях по производству продуктов питания, текстильных изделий, одежды, кожаной и относящейся к ней продукции, производству компьютеров, электронного и оптического оборудования, производству электрического оборудования, присваивается категория B при стоимости проекта от 1 000 000-кратного до 14 500 000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2024 года.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 46-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 103-баптың бірінші абзацы "оны төлеуден босату" деген сөздерден кейін "немесе оны төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 106-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Талап қоюшыны сотқа берілетін талап қоюдан мемлекеттік баж төлеуден босату немесе мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      үшінші бөліктегі "төлеуді" деген сөз "төлеу бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 149-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішхат;".

      2. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      131-баптың сегізінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішхат;".

      3. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары мен басқарушы компанияларына, индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына салық салу

      1. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары мен басқарушы компаниялары, индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық преференцияларды қолданады.

      2. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары жобаның құнына байланысты мынадай санаттар:

      1) жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 000 000 еселенген мөлшеріне дейін – А санаты;

      2) жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 000 000 еселенген мөлшерінен бастап 14 500 000 еселенген мөлшеріне дейін – B санаты;

      3) жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 500 000 еселенген мөлшерінен бастап – С санаты бойынша салықтық преференцияларды қолданады.

      Бұл ретте тамақ өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдерді шығару, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар жасау, электр жабдықтарын жасау салаларында қызметті жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен бастап 14 500 000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде B санаты беріледі.".

      2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ