Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Майский ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Майский ауылдық округінің жерінде орналасқан, жалпы алаңы 1224,1 гектар, жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Майский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі С. Ендоренко

  Майский ауылдық округі әкімінің
  2021 жылғы 16 тамыздағы
  № 6 шешіміне
  қосымша

Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелерінің тізімі

Елді мекеннің атауы

Қауымдық сервитут белгілеу алаңы, гектар

1

Майское ауылы

1128,0

2

Приреченское ауылы

96,1


Барлығы:

1224,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады