Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 84 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 - баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 2 хаттамасы және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новоселов ауылдық округ мекенжайы бойынша орналасқан "Әулиекөл ауылынан бастап Чернигов ауылын қосумен Құсмұрын кентіне дейін АГТС жеткізуші газ құбырын салу" жобасы бойынша - жалпы алаңы 3,5744 гектар жер учаскесіне газ құбырын пайдалану үшін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) белгіленсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады