Тараз қаласының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың (алаңқай) орынын бекіту туралы

Күшін жойған

Тараз қалалық әкімиятының 2006 жылғы 09 сәуірдегі № 329 қаулысы. Тараз қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 19 мамырда 32 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 74 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 27.01.2014 № 74 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы "Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" № 430 қаулысының орындалуын және бәсекелестікті көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 3243 баптарының негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, жалпы пайдаланудағы жерлерде Тараз қаласының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелері, алаңдардың (алаңқай) орындары бекітілсін.
      2. "Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мамедов Н.М.) маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.К. Астаевқа жүктелсін.
      
      Тараз қаласының әкімі                      І. Тортаев 

Тараз қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 9 сәуір
№ 329 қаулысына қосымша

Тараз қаласы аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын сауда нүктелерінің
ТІЗБЕСІ 

Мекен-жай

Саны

1

Абай даңғылы мен Самарқанд көшесінің бұрышы

4

2

Ташкентский және Желтоқсан көшелерінің бұрышы

2

3

Ташкентский және Лермонтов көшелерінің бұрышы

2

4

Ташкентский және Байзақ батыр көшелерінің бұрышы 

2

5

Ташкентский және Комратов көшелерінің бұрышы

1

6

Ниеткалиева көшесі "Юбилейный" дүкенінің жаңы

2

7

Сулейменов көшесі "Сельпо" аялдамасында

4

8

Жамбыл данғылы мен Сулейменов көшесінің   бұрышы

2

9

Лермонтов көшесінің бойы

5

10

Химпоселок ауданы

5

11

Мирзоян көшесінің бойы

4

12

Жибек жолы көшесінің бойы

4

13

Абай данғылы, өткелден ары

3

14

Жамбыл данғылы бойы (автобус паркі)

5

15

"Бек" базарының айналасы

2

16

Ташкентская көшесінің бойы

5

17

Ташкентский көшесі бойы, 2-Мирзоян бұрылысынан Мирзоян көшесіне дейін (автомашиналардан)

15

18

Б. Момышұлы көшесінің бойы, "Массив Карасу" мөлтек ауданы, коммуналдық қатар

8

19

"Жибек Жолы" базары, автомашиналардан сату

5


Барлығы

80

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады