Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 66 қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 135 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 03 маусымда N 10-4-99 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы N 152 шешімімен және Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы N 282 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 01.11.2013 N 152 шешімімен және Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 01.11.2013 N 282 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына және "Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 516 қаулысына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ және Қазалы аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Орман қоры жерінен елді мекендер жерлері санатына ауыстырылған жалпы алаңы 240 гектар жер учаскесінің 120 гектары және Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы авто трассаның екі жақ беткейінен 180 гектар жер Әйтеке би кентінің шекарасына (шегіне) қосылып, кенттің жалпы аумағы 10005 гектар болып белгіленсін.
      2. "Қазалы аудандық жер қатынастары" мемлекеттік мекемесіне осы аудан әкімдігінің қаулысына және Мәслихаттың шешіміне сәйкес жер-есеп құжаттарына өзгерту енгізу тапсырылсын.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі                      А. Көшербай

      Қазалы аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс XV сессиясының төрағасы                 Ғ. Әліш

      Қазалы аудандық
      мәслихатының хатшысы                        Т. Бөріқұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады