Ақсу ауылының шегін өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 22-230/IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 14 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қарашада N 14-10-122 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 25/295-ІІІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2006 жылғы 2 қазандағы № 333 "Қазығұрт, Отырар, Сайрам және Төлеби аудандары әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1943-нөмірімен тіркелген бірлескен шешімі мен қаулысына және аудандық мәслихаттың құрылған уақытша комиссиясының 2009 жылғы 19 тамыздағы ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ақсукент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 1170,0 гектар жер телімі алынып, Ақсу ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 1170,0 гектар жер телімі қосылып, Ақсу ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И.Курбанов

      Аудан әкімі                                М.Әлі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Тулендиев

      
 

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады