Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 27 қазандағы мәслихатының N 35/4 қала әкімдігінің N 231 бірлескен шешім мен қаулы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 25 қарашада N 10-1-154 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшада тіркелген сызбаларға сәйкес:
      Тасбөгет кентінің шекарасы (шегі) – 340,0 гектарға;
      Белкөл кентінің шекарасы (шегі) – 312,0 гектарға;
      Маханбетов ауылының шекарасы (шегі) – 365,0 гектарға;
      Досан ауылының шекарасы (шегі) – 350,0 гектарға өзгертілсін.
      2. Бірлескен "Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/8 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 187 қаулысы жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс отыз бесінші сессиясының төрағасы             Қ. ЕРНАЗАРОВ

      Қызылорда қаласының әкімі                         М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы           И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады