Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қаратөбе ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 22,53 гектар жер телімі алынып, Абдилабад ауылының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 22,53 гектар жер телімі қосылып, Абдилабад ауылының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Хасанов
Аудан әкімі М.Әлі
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Тулендиев