Риддер қаласы Пригородное ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі N 36/8-V шешімі, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі N 772 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда N 4095 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6 бабының 1 тармағының 4), 13) тармақшаларына, 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Риддер қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес алаңдарға Риддер қаласы Пригородное ауылы елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу жерге орналастыру жобасына сәйкес Риддер қаласы Пригородное ауылының шекарасы (сызбасы) белгіленсін.
      2. Осы біріккен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қаласының әкімі Мұратов Ж. Х.
      Сессия төрағасы Осипов В. Г.
      Қалалық мәслихат хатшысы Панченко И.И.

  Риддер қаласының әкімдігінің
2015 жылғы "14" шілдедегі
№772 біріккен қаулысына және
Риддер қалалық мәслихатының
2015 жылғы "14" шілдедегі
№36/8-V шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы Пригородное ауылы елді мекені жерлерінің экспликациясы

Жоспардағы барлық жерлер, га

құрылыс, га

барлық а/ш алқабы, га

олардың ішінде, га

орман, га

жолдар, га

өзендер, га

өзге, га

егістік

бақшалар

жайылымдық

420,0

113,0

215,0

27,5

7,5

180,0

50,0

10,0

2,0

30,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады