Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № а-2/96 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 7847 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № а-5/107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 09.06.2022 № а-5/107 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Жақсы ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Жақсы ауданы Новокиенка ауылының және Киев ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 9,3117 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі Б.Малгаждаров

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "04" мамырдағы
№ а-2/96 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Жақсы ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік (гектар)

шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

1

Новокиенка ауылының әкімшілік шекараларында

8,1178

ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жерлер

5,2189

-

2,8989

2

Киев ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

1,1939

ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жерлер

1,1939

-

-

Барлығы

9,3117

-

6,4128

-

2,8989


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады