Жаңа Бұқтырма кентіндегі стационарлық санитарлық-гигиеналық торапты орналастыру және пайдалану үшін жер теліміне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 7613 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алтай ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан координаттарының ендігі- 49°37'37.88" С, бойлығы-83°30′47,44″В телімде стационарлық санитарлық-гигиеналық торапты орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0015 га жер телімдерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін 8 жыл мерзімге жер телімін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Карибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады