Бурабай ауданы Щучинск қаласы елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/555 және Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 7С-22-4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30688 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бурабай ауданы Щучинск қаласының шекарасына (шегіне) Бурабай ауданының 257,96 гектар босалқы жерін қосу арқылы шекарасы (шегі) өзгертіліп, шекарасының (шегінің) жалпы көлемі 10661,4 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола
облысының әкімі
Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Т.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады