Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 100 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-бабының 1-1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген), Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Б. Орынбасаров

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2022 жылғы "29" маусым
  № 100 қаулысына
  қосымша

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Бюджет кодексінің 65-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспарлы кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі), Қазақстан РеспубликасыныңСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі) және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Кірістерді болжау кезінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының макроэкономикалық көрсеткіштері пайдаланылады.

      Кірістердің болжамды түсімдерінің есептерінде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), статистика деректері және басқалар пайдаланылады.

      4. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер ескеріледі.

      5. Түсімдерді жергілікті бюджетке болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында есептеудің бірнеше әдісімен жүзеге асырылады.

      6. Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.

      7. Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде қолданыстағы заңнама шарттарында ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.

      8. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізі болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.

2-тарау. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау

2.1. Салықтық түсімдер

      9. Салықтық түсімдерді болжау келесі әдістермен жүзеге асырылады:

      1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп келесі формула бойынша:

      P = NB * S, мұндағы:

      P – кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау;

      NB – салық базасы;

      S – Салық кодексімен белгіленген мөлшерлеме;

      2) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемені негізге ала отырып, келесі формула бойынша:

      P = MP * Sесеп

      Sесеп = Pесеп/MPесеп * 100%, мұндағы:

      P – кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау;

      MP – макроэкономикалық көрсеткіштер параметрлері;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      MPесеп – есепті қаржылық жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;

      3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша:

      P = Pесеп * (100% + I), мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      I – инфляция деңгейі,%.

      4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формула бойынша:

      P = Pесеп * Trорт., мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      5) экстраполяция жолымен, келесі формула бойынша:

      P = Pесеп + Sорт., мұнда:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін);

      Sорт. – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы,

      бұл ретте:

      Sорт.=((Sесеп(1жыл) – Sесеп(өтк.жыл))+(Sесеп(2жыл) –Sесеп(1жыл))+(Sесеп(3жыл) – Sесеп(2 жыл)))/3, мұнда:

      Sесеп(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылдың түсімдер сомасы;

      Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылдың түсімдер сомасы.

      6) есептік қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағына сүйене отырып, келесі формула бойынша:

      Pбағ. = Pф(ағым.)/Uесеп

      Uесеп = Pф(есеп) /Pесеп * 100, мұндағы:

      P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      Pіс.ж(есеп) – есепті қаржылық жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      7) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, келесі формула бойынша:

      Pбағ. = Pіс.ж(ағым.) /Kіс.ж(ағым.) * 12, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлар саны;

      12 – жылдағы айлар саны.

      10. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалауды және салықтың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде іс жүзіндегі түсімдерден жүйелік емес сипаттағы және өндірістік қызметке байланысты емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың құбылмалылығы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшерлері, салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.

      11. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.

2.2. Салықтық емес түсімдер

      12. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылда күтілетін түсімін бағалауды негізге ала отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.

      13. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды және басқа да айыппұлдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынатын бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды болжау жүзеге асырылмайды.

2.3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      14. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау қала (аудан) әкімдіктері деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімінің бағалауы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

2.4. Трансферттердің түсімдері

      15. Республикалық бюджеттен облыстың бюджетіне трансферттер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.

      Облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне берілетін трансферттерді Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы) есептейді.

      Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін трансферттерді Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.

3-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау

      16. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін кірістер тұтас алғанда үш санат бойынша айқындалады: салық түсімдері, салықтық емес түсімдер және соңғы үш жылдағы өсу үрдісін сақтай отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда).

      17. Есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған жүйесіз сипаттағы (біржолғы) түсімдер ескеріледі.

      18. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға сәйкес тиісті есептеулерді, негіздемелерді және түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған трансферттерді қоспағанда, өздерінің кірістерінің болжамдарын ұсынады.

      19. Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың кірістерін қарайды. Қажет болған жағдайда негіздемелер ескеріле отырып, кірістер бойынша есептеулерге түзетулер жүргізіледі және кірістердің түпкілікті болжамы айқындалады.

3.1.Салықтық түсімдер

      20. Облыс бюджеті кірістерінің көлемін айқындау кезінде жалпы сипаттағы трансферттерді белгілеу үшін ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін бағалауды есептеудің келесі әдістері пайдаланылады:

      1) есепті қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы келесі формула бойынша:

      Pбағ. = Ріс.ж/Uесеп, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Ріс.ж – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша, келесі формула бойынша:

      Pбағ. = Ріс.ж/Kб(есеп) * 12, мұндағы:

      Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Ріс.ж – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;

      Kб(есеп) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеніңдегі айлар саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша:

      Pбағ. = Pесеп. * (100% + Iб), немесе Pбағ. = (Pесеп * (100% + Iб))/12 * Кб + Nб(есеп), мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Іб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша инфляция деңгейі,%.

      12 – жылдағы айлар саны;

      Кб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша болжанатын кезең (айлар саны)

      Nб(есеп) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңі үшін салықтың іс жүзіндегі түсімі;

      4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе егер үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формула бойынша:

      Pбағ = Pесеп * Trорт, мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,

      бұл ретте:

      Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:

      Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;

      5) экстраполяция арқылы келесі формула бойынша:

      Pбағ = Pесеп + Sорт, мұндағы:

      Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;

      Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;

      Sорт – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы,

      бұл ретте:

      Sорт =((Sесеп(1жыл) - Sесеп(өтк.жыл))+ (Sесеп(2жыл) - Sесеп(1жыл))+ (Sесеп(3жыл) - Sесеп(2жыл)))/3, мұндағы:

      Sесеп (өтк.жыл) – бірінші жылдың алдыңдағы жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдыңдағы бірінші жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп (2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылғы түсімдер сомасы;

      Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылғы түсімдер сомасы.

      Есептеулерде бірнеше әдістерді пайдаланған кезде, болжамдауда неғұрлым көп кірістердің түсуін қамтамасыз ететін әдіс ескеріледі.

3.1.1. Жеке табыс салығы

      21. Номиналды мәндегі жалақы төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығын есептеуге арналған салық базасы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры әрбір өңір бойынша жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      22. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетін бағалауда жоспарлы кезеңге салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (қайта орналастыруға) байланысты өңірдегі жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруінің есебі Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      23. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам келесі әдістермен айқындалады:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы келесі формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Dfzp * Sесеп) ± Iipn

      Sесеп = IPN(салық.салын)есеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      IPN(салық.салын)б – жоспарлы жылға жеке табыс салығы бойынша болжам;

      Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Iipn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзетуші сомасы;

      IPN(салық.салын)есеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры;

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) келесі формула бойынша:

      IPN(салық.салын)б = (Ofzp * Fipn), мұндағы:

      IPN(салық.салын)б – жоспарлы жылға арналған жеке табыс салығы бойынша болжамы;

      Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fipn – Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %.

      Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі формулабойынша айқындалады:

      IPN(салық.салынб)б= IPN(ноб)оц * (100% + Iп), мұндағы:

      IPN(салық.салынб)б– жоспарлы жылға төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам;

      IPN(салық.салынб)оц – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

3.1.2. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

      24. Бюджет кодексінің 50-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам ӘЭДБ-ның мұнай емес секторының ЖҚҚ көлемі негізінде келесі формулабойынша есептеледі:

      KPNп = KPNбағ. * T(жққ)/100, мұндағы:

      KPNп – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;

      KPNбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      T(жққ) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ өсу қарқынының болжамы,%.

3.1.3. Әлеуметтік салық

      25. Әлеуметтік салықты есептеу үшін салық базасы ретінде номиналды мәндегі жалақы болып табылады.

      Болжамды жалақы қоры, жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне әрбір өңір бойынша алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану жолымен, шаруашылық субъектілер және бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.

      26. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауда, салық төлеушіні тіркеу орнының өзгеруіне (көшіру) байланысты өңірдегі салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері негізінде нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.

      27. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша болжам келесі әдістермен есептеледі:

      1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы келесі формулабойынша:

      SNп = (Dfzp * Sесеп) ± Isn

      Sесеп= SNесеп /Dесеп * 100, мұндағы:

      SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі;

      Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;

      Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы;

      SNесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

      Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры.

      2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) келесі формулабойынша:

      SNп = (Ofzp * Fsn) ± Isn , мұндағы:

      SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам;

      Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;

      Fsn – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып тастағандағы Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %;

      Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы.

3.1.4.Мүлік салығы

      28. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.

      29. Мүлік салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша:

      NIп = NIбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығының салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формулат арқылы:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тр – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл),%.

      30. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

3.1.5.Жер салығы

      31. Жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеппен келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы:

      NIп – жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам;

      NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

3.1.6.Көлік құралдарына салынатын салық

      32. Көлік құралдарына салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.

      33. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:

      1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша:

      NTп = NTбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      NTп – жоспарлы жылға арналған көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NTбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %;

      2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формула арқылы есептеледі:

      NTп = NТбағ. * Тp, мұндағы:

      NTп – жоспарлы жылға көлік құралдары салығы бойынша болжам;

      NТбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.

      34. Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.

3.1.7.Бірыңғай жер салығы

      35. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам келесі формула бойынша есептеледі:

      EZп = EZбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      EZп – жоспарлы жылға арналған бірыңғай жер салығы бойынша болжам;

      EZбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

3.1.8.Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер

      36. Жоспарлы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың акциздері бойынша болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке түрде, келесі әдістермен жүзеге асырылады:

      1) акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемінің және акциз мөлшерлемесінің негізінде келесі формула бойынша:

      Aп = Vп * S, мұндағы:

      Aп – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Vп – акцизделетін өнім өндірудің болжамды көлемі;

      S – Салық кодексіне сәйкес акциз мөлшерлемесі, мұндағы:

      Vп = Vбағ. * Тр,

      Vп – акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі;

      Vбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акцизделетін өнім өндірісінің көлемі;

      Тр – акцизделетін өнім өндірісі көлемінің алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %;

      2) инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы бағалау негізінде келесі формула бойынша:

      Ап =Абағ. * (100% + Iп) + Iаk, мұндағы:

      Ап – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам;

      Абағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциздердің салықтық әлеуеті;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

      Iаk – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескерілетін түсімдерді түзету сомасы.

3.1.9 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне есептелетін төлемақылар мен алымдар

      37. Бюджет кодексінің 50, 52 және 52-1-баптарына сәйкес облыс бюджетіне есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;

      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым.

      38. Облыстың бюджетіне есептелетін төлемдер мен алымдар бойынша болжам ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      SPп = SPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      SPп – жоспарлы жылға төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетінің болжамы;

      SPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша төлемдер мен алымдардың салықтық әлеуетін бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.

3.1.9.Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж

      39. Жоспарлы жылға жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжамды есептеу келесі әдістермен жүзеге асырылады:

      1) үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқынын мына формула бойынша қолдану:

      GPп = GPбағ. * Trорт, мұндағы:

      GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;

      2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу арқылы мына формула бойынша:

      GPп = GPбағ. * (100% + Iп), мұндағы:

      GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам;

      GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау;

      Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.

3.1.10.Басқа да салықтар

      40. Жоспарлы жылға арналған басқа да салықтар бойынша болжамын есептеу түсімдердің серпіні бойынша жүзеге асырылады.

3.2.Салықтық емес түсімдер

      41. Салықтық емес түсімдер бірқатар жылдардағы салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімін бағалау негізінде болжанады.

      42. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды және басқа да айыппұлдарды, сондай-ақ бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар айыппұлдарын болжау жүзеге асырылмайды.

3.3.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

      43. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жылдың күтілетін түсімінің бағасы негізге алына отырып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады