Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына кәріз желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 133 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, өтініш және 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрықпен бекітілген жер құрылысы жобасының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Рудный қаласы:

      1) қысымды-тарату желілері (ТЖҚ, 50 Октября);

      2) кәріз (Привокзальная көшесі бойындағы 7 үйден Октябрьская көшесіне дейінгі кәріз желілері);

      3) кәріз желілері (табельден сорғыға дейін);

      4) кәріз желілері (сорғыдан "ТОРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне дейін);

      5) кәріз желілері (Привокзальная көшесі бойындағы 15 үйден Садовая көшесіндегі орта мектепке дейін) мекенжайында орналасқан, кәріз желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында көлемі 1,0007 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Рудный қаласының әкімі Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады