Жер учаскесіне сервитут жариялауды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 12 хаттамалық шешімі, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 136 бұйрығы негізінде Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Лисаков қаласы Октябрь кентінің аумағында орналасқан алаңы 0,0692 гектар жер учаскесіне 20 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады