Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 430 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қордай ауданы, Сұлутөр ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 0,1507 гектар жер учаскесін "Азиялық Газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистралды газқұбырының үстінен өтетін өткелдердің құрылысын салу үшін, жер пайдаланушылардан алып қоймай 30 (отыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулының оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қордай ауданының әкімі Б. Болатбеков

  Қордай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы №430 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

1

Қордай ауданы, "Әділ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

0,0202

2

Қордай ауданы, Аденов Алиби Байжановичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

0,0169

3

Қордай ауданы, Картабаев Муратхан Бексултановичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

0,0202

4

Қордай ауданы, Смагулов Мурат Катарбаевичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

0,0211

5

Қордай ауданы, Акилов Асхат Бекеновичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

0,0542

6

Қордай ауданының мемлекеттік жер қорындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

0,0181


Барлығы

0,1507


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады