Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 03/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Quantum minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 690,2721 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 3 наурызына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 03/01 қаулысына қосымша

"Quantum minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Атауы

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га

Өнеркәсіп көлік, байланыс жерлері га

1

№1 учаске Ж.Шамбековтың "Жіңішке" шаруа қожалығының жерлері (09-102-014-195)

163,3098

163,3098

0

2

№2 учаске Ж.Шамбековтың "Жіңішке" шаруа қожалығының жерлері (09-102-014-195)

230,2080

230,2080

0

3

№3 учаске Ж.Шамбековтың "Жіңішке" шаруа қожалығының жерлері (09-102-014-195)

13,5265

13,5265

0

4

№4 учаске Ж.Шамбековтың "Жіңішке" шаруа қожалығының жерлері (09-102-014-195)

214,9053

214,9053

0

5

№1 учаске К.Т.Жензакованың "Нұрсәт" шаруа қожалығының жерлері (09-102-014-115)

66,7220

66,7220

0

6

№2 учаске К.Т.Жензакованың "Нұрсәт" шаруа қожалығының жерлері (09-102-014-115)

1,6005

1,6005

0


Барлығы

690,2721

690,2721

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады