Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 22 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылының жерінен жалпы көлемі 30,4135 гектар, оның ішінде жайылымы 22,3052 гектар жер учаскесін "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Құрық" қосалқы станциясынан су тұщыту зауытына дейін 110 кВ әуе электр желісін жүргізу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ғ.Салихов

  Құрық ауылы әкімінің
  2023 жылғы 01 ақпандағы
  №22 шешіміне қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

I

Құрық ауылының жері

8,3916

1

"Қарақия аудандық құрылыс сәулет және қала құрылыс бөлімі" ММ

0,0470

2

"Ерсай КаспианКонтрактор" ЖШС

0,0162

3

Талшықты – оптикалық байланыс желісі

0,0167

4

Инженерлік коммуникация дәлізі

0,1056

5

"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары бөлімі" РМК

0,0723

6

"Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ

0,0348

7

"Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары" ММ

0,2007

II

Құрық ауылы жері кадастрлық кварталы -003

14,8531

8

Кулбалаева Айнур Аркарбаевна "Жолдыбай" ШҚ

1,1622

9

Умирова Балсулу

3,5771

10

Талшықты – оптикалық байланыс желісі

0,0156

11

"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары бөлімі" ММ

0,0676

III

Құрық ауылының кадастрлық кварталы-017

1,8494

Барлығы:

30,4135


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады