Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 1792 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 600, № 601, № 602, № 603 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес, коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да тораптардың желілерін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 5 қыркүйектегі
  № 1792 қаулысына
  қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3/1 учаске мекенжайы бойынша "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай жоғары политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жанынан 500 орынға арналған жатақхананы салу. Түзету" (телефондандыру)" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да тораптардың желілерін жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0051 гектар;

      2) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3/1 учаске мекенжайы бойынша "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай жоғары политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жанынан 500 орынға арналған жатақхананы салу. Түзету" (электрмен жабдықтау)" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да тораптардың желілерін жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0715 гектар;

      3) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3/1 учаске мекенжайы бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілерді (кәріз) жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,3 гектар;

      4) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3/1 учаске мекенжайы бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілерді (сумен жабдықтау) жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1972 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады