Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 2275 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 847, № 848, № 849, № 850, № 851, № 852 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша су құбыры мен канализация коллекторын жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 15 қарашадағы
  № 2275 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) "Амангелді көшесінен Сыра зауытына дейінгі 5 Апрель көшесіндегі су құбыры" объектісі бойынша, ұзындығы 1327 м, жалпы алаңы 1,3304 гектар;

      2) "Сералин көшесінен Индустрияльная көшесіне дейінгі Л. Беда көшесінің су құбыры" объектісі бойынша, ұзындығы 973 м, жалпы алаңы 0,9712 гектар;

      3) "1 Май - Гоголь - О. Досжанов көшесіндегі канализация коллекторы" объектісі бойынша, ұзындығы 428 м, жалпы алаңы 0,4302 гектар;

      4) "Облыстық аурухананың Победа көшесінен Қайырбеков көшесіне дейінгі канализация коллекторы" объектісі бойынша, ұзындығы 1276 м, жалпы алаңы 1,2734 гектар;

      5) "281-282 квартал Шипин - Рабочая - Бородин көшесіндегі су құбырының алаңішілік желілері" объектісі бойынша, ұзындығы 757 м, жалпы алаңы 0,8228 гектар;

      6) "Аяқ киім фабрикасынан Пушкин - Сьянов көшелерінен су құбыры" объектісі бойынша, ұзындығы 437 м, жалпы ауданы 0,7635 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады