"Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 24 қарашадағы № 353 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31, 37-баптарына, Сауран аудандық жер комиссиясының 06.12.2022 жылғы № 41 мәжілісінің хаттамасына сәйкес, Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 03.07.2023 жылғы № 2050 бұйрығына сәйкес, Сауран ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Сауран ауданы қарасты Қарашық ауылдық округі Құмтиын елдімекені, Жүйнек ауылдық округі Жүйнек елдімекені, Жүйнек ауылдық округі Шекербұлақ елдімекені, Жүйнек ауылдық округі Шыпан елдімекені, Шорнақ ауылдық округі Шорнақ елдімекені, Шорнақ ауылдық округі Аша елдімекені, Шорнақ ауылдық округі Қосмезгіл елдімекені, Оранғай ауылдық округі Қосқорған елдімекені, Оранғай ауылдық округі Бостандық елдімекені жер учаскелерінің аумағынан "Магистральды газ құбыры үшін" жалпы алаңы 52,5 га (525000 ш.м.) ұзындығы (45 311 км) жер учаскелерін тұрақты пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі М.Таңғатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады