"GoldCorp" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 106 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "GoldCorp" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық округі жерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу мақсатында, жалпы көлемі 2485,2934 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2029 жылдың 24 мамырына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер пайдаланушы- "GoldCorp" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2024 жылғы "29" сәуірдегі
№ 106 қаулысына қосымша

"GoldCorp" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Жаңатоған а/о, Ауданның жер қоры

09-133-016-

316,8634

316,8634

2

Жаңатоған а/о

09-133-016-147

7891,0

1709,8950

3

Жаңатоған а/о

09-133-016-138

1665,0

436,2760

4

Жаңатоған а/о

09-133-016-034

500,0

22,2590


Барлығы:



2485,2934


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады