Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 84-қ қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "DAMU Metals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Шиелі ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 37111,34 гектар жер учаскесіне 2030 жылдың 09 ақпанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "DAMU Metals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. "Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Ахатов

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 08 сәуірдегі
№ 84-қ қаулысына қосымша

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлік нөмірі

1

"Алишах" ШҚ

10-154-039-1589

2

"Торгово-транспортная компания" ЖШС

10-154-039-1338

3

Көшеков Спатай Алмасұлы

10-154-039-1504

4

"Торгово-транспортная компания" ЖШС

10-154-039-1582

5

"AKDier" ЖШС

10-154-039-1311

6

"AKDier" ЖШС

10-154-039-1077

7

Назарсейтов Оразхан Туленович

10-154-039-1557


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады