Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 727 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң  13-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жердiң мақсатты арналымын және оны пайдаланудың құқықтық режимiн сақтай отырып, экспликацияға сәйкес Петропавл қаласының жалпы алаңы 29 гектар жерiнiң бiр бөлiгiн Қызылжар ауданының әкiмшiлiк шекарасына қоса отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының әкiмшілiк шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады