Қазақстан Республикасы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 455 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облыстық мәслихатының және Ақмола облысы әкімдігінің Степногор қаласының әкімшілік шекарасына Ақкөл ауданынан берілетін 123000,0 гектар жерді қосу жолымен Ақмола облысының Ақкөл ауданының және Степногор қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Жамбыл облыстық мәслихатының және Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл ауданының әкімшілік шекарасына Жуалы ауданынан берілетін 7584,0 гектар жерді қосу жолымен Жамбыл облысының Жуалы және Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжайық ауданының әкімшілік шекарасына Теректі ауданынан берілетін 46730,0 гектар жерді қосу жолымен Батыс Қазақстан облысының Теректі және Ақжайық аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      4. Павлодар облыстық мәслихатының және Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар қаласының әкімшілік шекарасына Павлодар ауданынан берілетін 2111,0 гектар жерді қосу жолымен Павлодар облысының Павлодар ауданының және Павлодар қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Арыс қаласының әкімшілік шекарасына Отырар ауданынан берілетін 131300,0 гектар жерді қосу жолымен Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының және Арыс қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады