Ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 545 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қызылорда облысы елді мекендерінің жері санатынан жер учаскелері берілсін.
      2. Қызылорда облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 545 қаулысына    
қосымша        

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің 2019 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді
мекендер жері санатынан тұрақты жер пайдалану құқығында
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Берілетін жер учаскесі жерінің санаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы  алаңы, гектар

Оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

жайылым

басқа

1.

Қызылорда қаласы елді мекендерінің жері

Қызылорда облысының Қызылорда қаласы, Науай көшесі, нөмірсіз үй

0,1241

-

0,1241

наубайхана үшін

2.

Қызылорда облысының Шиелі ауданы Шиелі елді мекенінің жері

Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Шиелі елді мекені, Д. Смайылов көшесі, нөмірсіз үй

0,5466

-

0,5466

Шиелі шекара базасы үшін


Барлығы:

0,6707

-

0,6707


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады