"Өркен" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 тамыз 1994 ж. N 969

      "Өркен" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 5 тамыздағы N 1825 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, "Өркен" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 5 тамыздағы N 1825 Жарлығын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      2. "Ақтас" акционерлiк қоғамы (бұрынғы "Жезказганкварцсамоцветы" геологиялық-өндiрiстiк кәсiпорыны) "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына;
      "Әсем тас" акционерлiк қоғамы (бұрынғы "Қазминерал" геологиялық-өндiрiстiк кәсiпорыны) "Намыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өркен" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы туралы" 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 899 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 38, 445-бап) мен "Өркен" мемлекеттiк компаниясының президентi және Байқаушы кеңесi туралы" 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 826 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
    Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады