Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қызметiнiң жекелеген мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қараша 1994 ж. N 1329. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаражатын шоғырландыру және оның одан әрi қайта бөлiнуiне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына аударылуға жататын келiп түскен сақтандыру жарналарының жалпы сомасының 30 процент мөлшерiн аймақтардан жиналған сақтандыру жарналарының сұранымы мен көлемiне қарамастан, аталған қаражатты кейiннен зейнетақы төлеуге қаражаттан тапшылық көрiп отырған облыстар бойынша қайта бөле отырып, айдың соңғы банк күнi Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған есепшотына ай сайын аударым жасауын ұйымдастыратын болсын. Мезгiлiнде төленбеген салық сомасынан есептелген өсiмнен түскен қаражат 10 процентi кейiннен сақтандыру жарналарын жинаумен әрi шоғырландырумен және халықты әлеуметтiк қорғау органдарын техникалық жарақтандырумен тiкелей айналысатын халықты әлеуметтiк қорғау органдарының қызметкерлерiн материалдық ынталандыру мақсатында пайдалануға аймақтарға бөлу үшiн толығымен Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған есепшотына аударылады деп белгiленсiн; 
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының табыс есепшотына есептелген өсiмнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдаланудың тәртiбiн бiр ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн; 
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қарау үшiн "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1995 жылға арналған бюджетi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екi апта мерзiмде даярлап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынатын болсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады