Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 15 шiлде N 1804. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.31. N 2394 Жарлығымен.

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң таяп қалған 50 жылдығына байланысты және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң сiңiрген еңбегiн ескере келiп, қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 1 қазаннан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне мынадай жеңiлдiктер берiлсiн:
      - алып жүрген зейнетақысына жасына байланысты ең төменгi зейнетақы мөлшерiнде ай сайын үстемеақы төленсiн;
      - өздерiне тиесiлi немесе өздерi тұрған, бiрақ 50 шаршы метрден аспайтын тұрғын алаң үшiн; көрсетiлетiн коммуналдық қызмет үшiн /тұрғын алаңының көрсетiлген нормасы шегiнде, сумен жабдықтау, канализация, ыстық сумен жабдықтау, орталықтан жылыту, ал орталықтан жылытуы жоқ үйлерде - белгiленген нормалар шегiнде отынның құны үшiн/; тұрмыстық мұқтажға пайдаланылатын электр қуаты үшiн; тағам әзiрлеуге пайдаланылатын газ, пәтерлiк телефонды пайдаланғаны үшiн /қалааралық сөйлесуден басқа/ пайдалану шығындарын төлеуден босатылсын;
      - ТМД елдерi шегiнде әуе, темiр жол және қалааралық автомобиль көлiгiнде жылына бiр рет /бару мен қайту/ тегiн жүрiп тұратын болсын;
      - дәрiгерлердiң рецептi бойынша есту протезi аппаратымен және көзiлдiрiк оптикасымен тегiн қамтамасыз етiлсiн;
      - республикалық бiр басылымға және жергiлiктi мерзiмдi бiр басылымға жазылу кезiнде 50 проценттiк шегерiм жасалсын;
      - қандай меншiк нысанына қатысты екендiгiне қарамастан кәсiпорындар мен мекемелердiң есебiнен моншаға, мәдени-ойын сауық немесе спорт шараларына, шаштаразға тегiн бару құқығы берiлсiн;
      - дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша жылына бiр рет санаторийде емделуге тегiн жолдама алатын болсын;
      - 1995 жылы, егер бұрын бiрiншi кезекте пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, кезекте тұрғандардың бәрi пәтермен қамтамасыз етiлсiн;
      - жеке тұрғын үйлерiне жөндеу құнының 50 процентiнде шегерiм жасалып бiрiншi кезекте күрделi жөндеу жүргiзiлсiн;
      - отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастыратын адамдарға Ұлы Отан соғысына қатысушыны немесе мүгедектi жерлеуге айлықақының 35 ең төменгi мөлшерi сомасында жәрдемақы берiлсiн;
      - жыл сайын айлықақының 4 ең төменгi мөлшерiндегi сомада бiр жолғы жәрдемақы төленетiн болсын.
      2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығын мерекелеу құрметiне:
      - әкiмдер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрақты қамқорлық жасауды күшейту жөнiнде қосымша шаралар қолданып, бұған кәсiпорындар мен ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың басшыларын, жекеменшiк кәсiпкерлердi тарататын болсын;
      - қажет болған жағдайда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң ТМД шеңберiнде Жауынгерлiк Даңқ орындарына топ құрап тегiн барып қайтуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын 3 ай мерзiмде дайындап, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн;
      - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердi салық, баж

және алым төлеуден босату туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесiне ұсыныс енгiзсiн;
     - Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктер беруге байланысты шығындарға,
сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына дайындық және
оны мерекелеу жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң
шешiмiмен құрылған Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң бағдарламасынан
туындайтын шығындарға өтем жасаудың тәртiбi мен көздерiн анықтасын.
     4. Осы Жарлық баспасөзде жарияланған сәтiнен бастап күшiне
енедi.
               
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады